Иран мен Ресейдің экономикалық байланыстары кеңеюде
https://itolqyn.com/news/world-i8572
Иранның солтүстігінде орналасқан Мазандаран облысының сауда палатасының төрағасы Иран мен Ресейдің сауда- саттық ынтымақтастықтарының кеңеюін бұрын-соңды болмаған деңгейде деп бағалады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 31, 2016 21:20 Asia/Almaty
  • Иран мен Ресейдің экономикалық байланыстары кеңеюде

Иранның солтүстігінде орналасқан Мазандаран облысының сауда палатасының төрағасы Иран мен Ресейдің сауда- саттық ынтымақтастықтарының кеңеюін бұрын-соңды болмаған деңгейде деп бағалады.

Мазандаран облысы Сауда палатасының төрағасы Абдолла Мохаджер Дараби сейсенбі күні Мәскеуде: "Иран мен Ресейдің сауда- саттық ынтымақтастықтарының кеңеюі үшін бұрын-соңды болмаған мұрсат туып отыр" деді.

Мазандаран облысы Сауда палатасының төрағасы мен Санкт-Петербург қаласы Сауда палатасының төрағасы Катенев Владимир Иванович сауда қызметтері негізінде тауар экспорттау саласында экономикалық мұрсаттарды танып, нарық қажеттіліктері туралы ынтымақтастық жасауға келісті.