Иран мен Ватикан ашаршылыққа тосқауыл қою үшін ынтымақтастық жасайды
(last modified Tue, 31 May 2016 15:59:03 GMT )
Maм 31, 2016 21:59 Asia/Almaty
  • Иран мен Ватикан ашаршылыққа тосқауыл қою үшін ынтымақтастық жасайды

«Азық- түлік қауіпсіздігі саласында бүлінген азық-түлікті азайту үшін халықаралық ынтымақтастықтардың қажеттілігі» атты тақырыптағы форум Иран мен Ватиканның атсалысуымен Италия астанасы Рим қаласында өтті.

БҰҰ-ның Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымындағы (FAO) Иранның тұрақты өкілі Мәджид Деһқан Шоар осы форумда сөйлеген сөзінде: "Азық- түлік қауіпсіздігі барлық халықтың таза және белсенді тіршілік етуі үшін кез-келген уақытта жеткілікті, таза және қуатты тағамға қолжетімділік дегенді білдіреді" деді.

FAO-дағы Иранның өкілі тамақтың зая болуының баршаның жеткілікті, таза және қуатты тағамға қол жеткізе білу мүмкіндігіне тікелей әсері бар екендігін айтты.

Әлем католиктері жетекшісінің арнайы өкілі кардинал Луис Антонио Гоким Тагле де ашаршылыққа және әлемде 800 миллион адамның нашар тамақтануына сілтеме жасап, «Азық-түлік қауіпсіздігі саласында азық-түліктің зая болуын азайту үшін халықаралық ынтымақтастықтардың қажеттілігі» форумын өткізудің мақсатын үкіметтер мен халықаралық ұйымдарды азық-түлікті зая етуді азайту үшін мемлекеттерді іс жүзінде ынтымақтастық жасауға ынталандыру деп атады.

Осы форумға сондай-ақ FAO-ның бас директоры Жозе Грациану да Силва мен FAO-ға мүше елдердің өкілдері қатысты.

FAO-ның статистикалық мәліметтері бойынша, әлемдегі ауыл шаруашылығы өнімдерінің шамамен 33 пайызы бүлінген өнім ретінде тұтынудан шығарылады.