Путин: Еуразиялық экономикалық одақтан ғажайып күтпейміз, бірақ мәселелерді шешуге көмектеседі
Ресей Президенті Владимир Путин қазақстандық әріптесі Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуінде: «Еуразиялық экономикалық одақтан ғажайып күтпейміз, бірақ мүше мемлекеттердің мәселелерін шешуге көмектеседі»,- деді.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысу мақсатында Астанаға сапар шеккен Владимир Путин: «Мен бұл одақтың қазіргі мәселелерді шешуге көмектесетіндігіне күмәнданбаймын»,- деді.
Ол Қазақстанды Ресейдің ең жақын серіктесі және ең сенімді оддақтасы деп атап: «Бұл сенімділік пен бірлік жақсы экономикалық қарым-қатынастар негізінде қалыптасты»,- деп атап айтты. Ресей Президенті Еуразиялық экономикалық одақтың экономикалық мәселелерді шешуде әсерлі болатынын қуаттады.
Кеше, сейсенбі күні Астанада Еуразиялық экономикалық одақтың Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесінің отырысы өтті. Оған Ресей, Қазақстан, Армения, Беларусь және Қырғыз республикасының президенттері қатысты.