Иран мен Армения құқық пен сот саласындағы ынтымақтастықтарын кеңейтеді
(last modified Wed, 01 Jun 2016 08:52:43 GMT )
Маусым 01, 2016 14:52 Asia/Almaty
  • Иран мен Армения құқық пен сот саласындағы ынтымақтастықтарын кеңейтеді

Иран мен Арменияның Әділет министрлері екі елдің сот ынтымақтастықтарын кеңейтуге әзірліктерін жариялады.

Иранның Әділет министрі Мустафа Пурмохаммади Армения Әділет министрі Арпине Ованнисян ханыммен Еревандағы кездесуінде екі елдің құқық пен сот салаларындағы ынтымақтастықтарын кеңейту жолдарын қарастырды.

Екі жақ құқық пен сот ынтымақтастықтарының маңыздылығына тоқталып, әртүрлі мәселелер, соның ішінде Иран мен Армения айыпкерлерімен айырбас жүргізуді жеңілдету және екі ел азаматтарының сот істерін жылдамдатуды қуаттады.

Иран мен Армения осы кезге дейін сот ынтымақтастықтарына қатысты үш құжатқа қол қойды. Бұл құжаттар экономикалық, саяси және мәдени салалардағы құқықтық және сот қарым-қатынастарын кеңейтуге жол ашты.

Иранның Әділет министрі Армения Әділет министрінің шақыруымен дүйсенбі күні ирандық делегацияны басқарып, Арменияға сапармен барған болатын.