Иран ғылым мен технология саласында ислам елдерімен ынтымақтастықты арттырады
Маусым 01, 2016 22:15 Asia/Almaty
Иран ислам республикасы ғылым мен технология және студенттік салада Ислам Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдермен өз ынтымақтастығын арттырады.
Иранның Ғылым министрлігінің зерттеу және технология бойынша орынбасары Вахид Ахмади «COMSTECH» отырысында Теһранның қоршаған ортаны зерттеу, астрономия ғылым және ислам елдеріне білім қызметін ұсыну салалары бойынша ынтымақтастық жасауға әзірлігін хабарлады. «COMSTECH» деп аталатын Ислам Ынтымақтастық Ұйымының ғылыми және технологиялық ынтымақтастықтар тұрақты комитеті бас ассамблеясының 15- ші саммиті Пәкістанның астанасы Исламабадта өтті.
Тегтер