Ресей әлемде қару экспорттау бойынша екінші орында
Ресейдің үкімет басшысы Дмитрий Медведев қазіргі кезде осы елдің қару экспорттау бойынша әлемде екінші орында тұрғанын мәлімдеді.
Дмитрий Медведев "Ресей қазіргі кезде әлемде қару экспорты бойынша екінші орында тұр және осы мәртебесін сақтауы керек. Ресей өз әскери бөлімшелерінің қажеттіліктерін қамтамасыз ететін жаңа қорғаныстық өнеркәсіпті әрі өзінің әскери қару- жарақ сату бағдарламасын іске асыра білуі керек.
Мәскеу өзінің қарулы күштері мен теңіз флотын жаңа дамыған әскери жабдықтармен жабдықтауға, сондай- ақ әлемдік айдында әскери өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін сақтауға тырысуда.
Ресейдің әлемдік қару саудасындағы көрсеткіштері жақсы. Қазіргі кезде қару ұсыну мен сату көлемі тұрғысынан халықаралық нарықта жақсы орынға ие және осы көрсеткіштерді сақтауға тырысуы керек. Бұл мәселе тек Ресейдің қорғаныстық өнеркәсібін жаңарту арқылы ғана жүзеге асады» деді.