Башар Джафари: Қауіпсіздік кеңестің кейбір мүшелері терроризмді қолдайды
https://itolqyn.com/news/world-i8785-Башар_Джафари_Қауіпсіздік_кеңестің_кейбір_мүшелері_терроризмді_қолдайды
Сирияның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі: «Қауіпсіздік кеңестің кейбір ықпалды мүшелері Сириядағы гуманитарлық жағдайдың ушығуына себепкер»,-деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Маусым 04, 2016 18:19 Asia/Almaty
  • Башар Джафари: Қауіпсіздік кеңестің кейбір мүшелері терроризмді қолдайды

Сирияның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі: «Қауіпсіздік кеңестің кейбір ықпалды мүшелері Сириядағы гуманитарлық жағдайдың ушығуына себепкер»,-деді.

Сирияның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Башар Джафари баспасөз конференциясында: «Кейбір елдер Сириядағы лаңкестерге қолдау көрсетіп, оларды осы елге жіберді. Сирияға гуманитарлық көмек жіберу осы ел үкіметінің үйлестіруімен атқарылуы тиіс»,-деді.

Джафари терроризмнің Сирияның ең басты мәселесі екендігіне тоқталып: «Сирия үкіметі БҰҰ-мен осы елдің азаматтарына гуманитарлық көмек жіберу мақсатында әріптестік жасайды»,-деді.

Башар Джафари мұқтаж сириялықтарға гуманитарлық көмектердің жеткізілуі қажеттігін баса айтты.