Башар Джафари: Қауіпсіздік кеңестің кейбір мүшелері терроризмді қолдайды
Маусым 04, 2016 18:19 Asia/Almaty
Сирияның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі: «Қауіпсіздік кеңестің кейбір ықпалды мүшелері Сириядағы гуманитарлық жағдайдың ушығуына себепкер»,-деді.
Сирияның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Башар Джафари баспасөз конференциясында: «Кейбір елдер Сириядағы лаңкестерге қолдау көрсетіп, оларды осы елге жіберді. Сирияға гуманитарлық көмек жіберу осы ел үкіметінің үйлестіруімен атқарылуы тиіс»,-деді.
Джафари терроризмнің Сирияның ең басты мәселесі екендігіне тоқталып: «Сирия үкіметі БҰҰ-мен осы елдің азаматтарына гуманитарлық көмек жіберу мақсатында әріптестік жасайды»,-деді.
Башар Джафари мұқтаж сириялықтарға гуманитарлық көмектердің жеткізілуі қажеттігін баса айтты.
Тегтер