Анкараның кешірім сұрауы – Мәскеумен қарым-қатынасты жақсартудың алғашқы қадамы
РФ Президенті: «Түркия Ресеймен қарым-қатынасты жақсарту үшін алғашқы қадам жасап, Мәскеуден кешірім сұрауы тиіс»,-деп баса айтты.
«Тасним» ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, РФ Президенті Владимир Путин: «Ресей Түркиямен қарым-қатынастың жақсаруын қалайды, бірақ бұл елдің жауапты тұлғалары байланысты жақсарту үшін алғашқы қадамды жасауы тиіс. Түркия Ресейдің қырғи ұшағын құлатып қана қойған жоқ, ресейлік бір ұшқышты өлтірді. Бұл халықаралық заңдар бойынша соғыс қылмысы болып саналады. Ресей Түркиядан көп сөз естіді, бірақ сөз жеткілікті емес. Іс атқарылып, кейбір қадамдар жасалуы тиіс. Олар сонымен қатар кешірім сұрауы керек»,-деді.
Түркия армиясы шамамен 9 ай бұрын Ресейдің бір қырғи ұшағын Түркияға жақын Сирияның әуе кеңістігінде құлатты. Бұл оқиға екі елдің текетіресін ушықтырып жіберді.