Иран СІМ ақпарат хатшысының АҚШ-тың жылдық есебі туралы мәлімдемесі
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы: «АҚШ-тың аймақтағы одақтастары әртүрлі тәсілдермен ДАИШ және басқа да лаңкестік топтарға қолдау көрсетіп жатқан шақта Иран Ирак пен Сириядағы лаңкестікпен күрестің алғы шебінде іс-қимыл жасап жатыр»,-деді.
Иран СІМ-нің ақпараттық дипломатия департаментінің хабарлауы бойынша, Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Садық Хосейн Джабер Ансари сенбі күні түстен кейін лаңкестікпен күресте Иранның іс жүзінде ең байсалды әрі әсерлі күшке ие екендігін дәлелдегенін айтып: «Иран өзінің принципті саясаты аясында бұрынғыдай басқа елдер және халықаралық ұйымдармен терроризммен шынайы әрі жан-жақты түрде күресу үшін әріптестік жасауға дайын екенін қуаттайды.
Басып алынған ұлттардың тәуелсіздік пен азаттыққа жету және басқыншылықтан құтылу үшін заңды күрестері терроризмнің дәлелі емес. Осыған негізделген АҚШ Мемлекеттік департаментінің жылдық есебіндегі Иранға қарсы айыптаулардың бір бөлігі қабылданбайды. Бұл айыптаулар басқыншылық пен мемлекеттік терроризм жасау, адам құқығын бұзу, Палестина халқын қырып-жою, басып-жаншу мен олардың болмысын теріске шығарудың ең үлкен символы ретіндегі сионистік режимнің талап-тілегін білдіреді»,-деді.