Зариф Бельгияның үкімет басшысымен кездесті
(last modified Tue, 16 Feb 2016 14:27:11 GMT )
Ақп 16, 2016 20:27 Asia/Almaty
  • Зариф Бельгияның үкімет басшысымен кездесті

Иран Сыртқы істер министрі Иран Ислам Республикасы мен Бельгия арасындағы экономикалық байланыстардың жаңа кезеңде жылдамдықпен арта түсуіне үміт білдірді.

СІМ-нің ақпараттық дипломатия орталығының мәлімдеуінше, Бельгия және Еуропа Одағының аға қайраткерлерімен келіссөз жүргізу үшін Брюссельге сапар шеккен Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Бельгия үкімет басшысы Шарль Мишельмен кездесуінде: «Екі ел өзара байланыстарды, соның ішінде энергия саласы және өнеркәсіптік-технология бөліміндегі ынтымақтастықтарды кеңейту үшін жақсы қабілеттерге ие» деді.

Зариф Таяу Шығыс аймағындағы өзгерістер туралы айтқан сөзінде «Кейбір елдердің тұрғылары Сириядағы дағдарысты күшейтуге көмектеседі» деді.

Бельгия үкімет басшысы Шарль Мишель де Бельгия мен Иранның мол мүмкіндіктеріне сілтеме жасап, санкциядан кейінгі кезеңде осы мүмкіндіктерді іске асыру үшін жағдайдың жасалуына үміт білдірді.

Бельгия үкімет басшысы елінің Иранмен екі жақты байланысқа мән беретіндігіне сілтеме жасап, аймақтық мәселелер, соның ішінде Сирия дағдарысы тақырыбы мен босқындар дағдарысы және оның Еуропаға әсері туралы кеңесулер мен келіссөздер өткізуге мүдделілік танытты.