Ресей "Түркия ДАИШ пен «ән- Носрат майданын» жабдықтап отыр" деп хабарлады
Ресейдің барлау ұйымдары Сириядағы ДАИШ және әл-Қаиданың тармағы ән- Носрат майданының лаңкестері Түркиядан қару алып отыр деп қуаттады.
Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің «ТАСС» агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Ресейдің Қорғаныс министрлігі сенбі күні кешке осы елдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Сириядағы қарулы топтарға жасаған ескертуін растайтын құжаттар мен барлау мәліметтерін жариялағанын мәлім еткен.
Ресейдің барлау мәліметтері ДАИШ пен ән- Носрат майданының өз күштерін жандандырып жатқанын және Түркиядан қару, оқ-дәрі мен көмектер алғанын көрсетеді. Ресей, сондай-ақ ән- Носрат майданы солардың артына тығылған Сириядағы қарулы топтарға қарсы әскери амалдардың қайтадан басталу ықтималдығын мәлімдеді.
Сергей Лавров бұл жөнінде: «Ресейге "ән-Носрат майданына қарсы шабуыл жасау қажет емес, өйткені олардың қасында Дамаск үкіметінің қарсыластары бар" дейді, бірақ америкалықтармен жасалған келісім бойынша осы қарсыластар лаңкестердің тұрғыларынан бөлінуі керек, алайда олар мұндай шешім қабылдамаған сынды" деді.