Армения Сыртқы істер министрі Иран Президентімен кездесті
https://itolqyn.com/news/world-i8896-Армения_Сыртқы_істер_министрі_Иран_Президентімен_кездесті
ИИР Президенті Теһран мен Ереванның барлық мүмкіндіктерін екі ел арасындағы қарым-қатынастарды жан-жақты дамытып, тереңдету үшін пайдалану қажеттігін қуаттады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Маусым 06, 2016 14:20 Asia/Almaty
  • Армения Сыртқы істер министрі Иран Президентімен кездесті

ИИР Президенті Теһран мен Ереванның барлық мүмкіндіктерін екі ел арасындағы қарым-қатынастарды жан-жақты дамытып, тереңдету үшін пайдалану қажеттігін қуаттады.

Иран Президенті Хасан Рухани жексенбі күні Армения Сыртқы істер министрі Эдвард Налбандянмен Теһрандағы кездесуінде екі елдің достық қарым-қатынастары мен экономикалық, мәдени, сауда, энергетика, транзит пен көлік қатынасы, ауылшаруашылығы мен туризм салаларындағы серіктестіктеріне тоқталып: «Қазір санкциялардың күші жойылған жағдайда Иран мен Армения арасындағы сауда және экономикалық қарым-қатынастарды дамыту үшін жақсы мұрсат пайда болды»,- деді.

Рухани Иран мен Арменияның аймақ пен әлем мәселелеріне қатысты ортақ ынтымақтастықтарына тоқталып: «ИИР әрқашан аймақта қауіпсіздік, тұрақтылық пен тыныштық орнатып, қайшылықтарды бейбіт жолдар арқылы шешуді қалап, осы салада аймақ мемлекеттеріне көмегін аямайды»,- деп мәлімдеді.

Иран Президентінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Армения Сыртқы істер министрі Эдвард Налбандян де бұл кездесуде Иран Президентімен пікір алмасуына ризалығын білдіріп, Армения Президентінің жазбаша сәлемін жеткізіп: «Армения әрқашан Иранмен жан-жақты қарым-қатынастарын дамытып, нығайтуға мүдделік танытады»,- деді.