Армения Сыртқы істер министрі Әли Шамханимен кездесті
ИИР Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы ИИР-ның Қарабақ мәселесін саяси жолмен шешуге көмектесуге дайын екендігін мәлімдеді.
ИРНА-ның мәліметі бойынша, Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Шамхани дүйсенбі күні Армения Сыртқы істер министрі Эдвард Налбандянмен Теһрандағы кездесуінде Иранның Қарабақ мәселесі және Армения мен Әзірбайжан арасындағы шекара дағдарысына қатысты келіссөздерге қатысып, мәселелерді бейбіт жолмен шешуге көмектесуге дайын екендігін мәлімдеді.
Армения Сыртқы істер министрі де Шамханимен кездесуінде Иран мен «алтылық» тобы арасындағы ядролық мәселеге қатысты келісімнен кейінгі жаңа жағдайға тоқталып, Арменияның Иранмен жан-жақты қарым-қатынастарын арттыру жігерін қуаттады.
Армения Сыртқы істер министрі әлемдік қоғамның аймақтың кейбір мемлекеттерінің лаңкестік топтарға қаржылай және қару-жарақтық қолдау көрсетіп, қақтығыстар мен соғыс өртін өршітіп отырғанына тоқталып, оларға қарсы шара қолдану қажеттігін қуаттады.