Теһранда Иран, Ресей және Сирия Қорғаныс министрлерінің отырысы өтеді
https://itolqyn.com/news/world-i9064-Теһранда_Иран_Ресей_және_Сирия_Қорғаныс_министрлерінің_отырысы_өтеді
Теһранда Иран, Ресей және Сирия Қорғаныс министрлерінің лаңкестікпен күрес туралы үш жақты отырысы өтеді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Маусым 08, 2016 22:29 Asia/Almaty
  • Теһранда Иран, Ресей және Сирия Қорғаныс министрлерінің отырысы өтеді

Теһранда Иран, Ресей және Сирия Қорғаныс министрлерінің лаңкестікпен күрес туралы үш жақты отырысы өтеді.

Иран ислам республикасының Қорғаныс және қарулы күштерді қолдау министрі бригада генералы сардар Хосейн Деһқанның Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу және Сирия Қорғаныс министрі Фахад Джасем әл- Фариджді ресми түрде шақыруымен Иран, Ресей және Сирия Қорғаныс министрлерінің отырысы ертең бейсенбі күні Теһранда өтеді.

Иран ислам республикасының бастамасымен өтетін осы үш жақты отырыста аймақтағы соңғы өзгерістерге, әсіресе Сирияның қауіпсіздік ахуалы мен лаңкестікпен күресті күшейту мен өрістету жолдарына шолу жасалып, пікір алмасулар өтеді.