Ұлыбритания Сауд Арабиясына қару сатады
(last modified Thu, 28 Jan 2016 16:04:48 GMT )
Қаң 28, 2016 22:04 Asia/Almaty
  • Ұлыбритания Сауд Арабиясына қару сатады

Адам құқығын бақылаушы ұйым ақпарат құралдарында жарияланған БҰҰ- ның есебі Ұлыбритания үкіметінің Сауд Арабиясына қару сату жөніндегі себептеріне сауал тудырады деп мәлімдеді.

«Associated Press» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Адам құқығын бақылаушы ұйымның Ұлыбританиядағы директоры Дэвид Мифьм сәрсенб күні осы есептен табылған жайттар Ұлыбритания қайраткерлерінің Сауд Арабиясының Йеменде соғыс заңдары мен гуманитарлық заңдарды аяқ асты еткенін көрсететін еш айғақ- дерек жоқ деген дау- дамайларына толығымен қайшы келеді деді.

Мифьм БҰҰ- ның есебі бойынша Йеменде гуманитарлық заңдарды бұзу фактілері, атап айтқанда медициналық орталықтар, мешіттер және халық тығыз орналасқан тұрғын аймақтарға шабуыл жасау үсті- үстіне және ауқымды болғанын баяндай келе, Үлыбритания үкіметінен Сауд Арабиясы мен оның коалициядағы одақтастарына әскери жабдықтар жеткізілімін тоқтатуды талап етті.

АҚШ Сауд Арабиясын қарумен қамтамасыз етуші негізгі ел болып табылады. Өткен жылдың аяқ шенінде Йемендегі соғыс себепті Сауд Арабиясы армиясының оқ- дәрілер қоры азайған кезде осы елге бір миллиард 300 миллион доллардан астам оқ- дәрі сатты.