Маусым 09, 2016 23:22 Asia/Almaty
  • Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі: Астана-Ташкент сауда айналымы бес миллиард долларға жетеді

Өзбекстандағы Қазақстан елшісі екі елдің сауда айналымының 2015 жылы үш миллиард доллардан асқанын мәлімдеді.

«Фарс» хабар агенттігінің мәліметі бойынша, Өзбекстандағы Қазақстанның елшісі Ерік Өтембаев 2015 жылы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда айналымының үш миллиард доллардан асқанын, болашақта осы көрсеткіштің 5 миллиард долларға жететінін айтқан.

Ерік Өтембаев екі елдің экономикалық және сауда серіктестіктерінің артқанына тоқталып: «Үкіметаралық ортақ комитет Астана мен Ташкенттің өзара ынтымақтастықтарын экономика және сауда салаларында кеңейтуде маңызды рөл атқарады. Осы жылдың сәуір айында Астанада экономикалық және сауда серіктестіктерінің ортақ кезеңдік комитетінің саммиті өткізіліп, Қазақстан мен Өзбекстанның министрліктердегі мамандары болашақта екі елдің экономика және сауда салалары бойынша серіктестіктерін бұрынғыдан көбірек кеңейтуге көмектесетін маңызды шешімдер қабылдады» деді.

Қазір Өзбекстанда 178-ден астам компания қазақстандық инвестициямен, соның ішінде 145 бірлескен компания мен жүз пайыз қазақстандық инвесторлардың инвестияциясымен 35 компания құрылыс, ауылшаруашылық өнімдерін өндіру, сауда, азық-түлік өнеркәсібі, металл, машина жасау салаларында жұмыс істеуде.

Тегтер