Иран мен Францияның парламент төрағалары телефон арқылы сөйлесті
Франция ұлттық парламентінің төрағасы Иран ислам республикасының Таяу Шығыс аймағында баянды бейбітшілік орнатудағы рөлін маңызды деп бағалады.
Ислам кеңесі мәжілісі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Франция ұлттық парламентінің төрағасы Claude Bartolone бейсенбі күні Әли Лариджанимен телефон арқылы сұхбатта оны Иран ислам кеңесі мәжілісінің оныншы шақырылымының төрағасы болып сайлануымен құттықтап: "Иранның қатысуынсыз аймақ баянды бейбітшілікке куә болмайды" деді.
Франция ұлттық парламентінің төрағасы сондай- ақ өзінің жақында Теһранға сапармен келетінін хабарлап: Францияның ұлттық парламенті лаңкестікпен күрес, екі жақты байланыстарды, әсіресе экономикалық ынтымақтастықтарды кеңейту және аймақта бейбітшілік пен қауіпсіздікті тұрақтандыру шеңберінде Иран мен Еуропалық Одақтың ынтымақтастығы сияқты тақырыптар бойынша Иран қайраткерлерімен кеңесуге қызығып отыр" деді.
Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани да Франция ұлттық парламенті төрағасына өзін құттықтағаны үшін алғыс айта келе: "Екі ел өкілдерінің өздерін қызықтыратын мәселелер жөніндегі ынтымақтастығы мен кеңесуі Теһран- Париж қарым- қатынасын, әсіресе экономикалық қырынан жеңілдету мен жылдамдатуға көп көмегін тигізеді" деді.