Маусым 10, 2016 17:29 Asia/Almaty
  • Пан Ги Мун: Сауд Арабиясының атауын қара тізімнен алып тастау қиын шешім болды

БҰҰ- ның бас хатшысы қоқан-лоққының жасалуын Саудия коалициясының атауын балалар құқығын бұзушылардың тізімінен алып тастауға себеп болғанын мойындады.

БҰҰ- ның бас хатшысы Пан Ги Мун бейсенбі күні Йеменге шабуыл жасаудағы Сауд Арабиясының жетекшілігіндегі араб коалициясын балалардың құқығын бұзушылардың тізімінен алып тастауға кейбір елдердің БҰҰ-ның бюджетін қию жөнінде қоқан-лоққы жасауы себеп болғанын мәлімдеді.

БҰҰ- ның бас хатшысы Саудия коалициясының атауын әскери қақтығыстарда балалардың құқығын бұзушылар тізімінен уақытша алып тастау туралы шешімнің өзінің қабылдаған ең қиын шешімдерінің бірі болғанын айтты.

БҰҰ өткен аптада саудиялық шапқыншы коалицияны соғыс пен қақтығыстарда балалар құқығын бұзушы елдер мен қарулы топтардың қара тізіміне қосқан болатын. БҰҰ- ның бас хатшысы Пан Ги Мунның алғашқы есебінде Саудия коалициясы 2015 жылы йемендік балалардың өлімі мен жаралануының 60 пайызына жауапты деп жазылды.

Тегтер