Ердоған Америкада Мұхаммад Әлидің жерлеу рәсімінен наразы күйде кетіп қалды
https://itolqyn.com/news/world-i9166-Ердоған_Америкада_Мұхаммад_Әлидің_жерлеу_рәсімінен_наразы_күйде_кетіп_қалды
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған аты аңызға айналған боксшы Мұхаммад Әлиді жерлеу рәсімінен наразылық белгісі ретінде кетіп, Америкадан Түркияға қайтқан.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Маусым 11, 2016 16:17 Asia/Almaty
  • Ердоған Америкада Мұхаммад Әлидің жерлеу рәсімінен наразы күйде кетіп қалды

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған аты аңызға айналған боксшы Мұхаммад Әлиді жерлеу рәсімінен наразылық белгісі ретінде кетіп, Америкадан Түркияға қайтқан.

«Доған» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммад Әлиді жерлеу рәсіміне қатысу үшін Америкның Кентукки штатына сапармен келген Түркия президенті өзінің арнайы ұшағымен осы елдің бірнеше қайраткерімен бірге мерзімінен бұрын Америкадан Түркияға ұшып кеткен.

Кейбір дереккөздері Ердоғанның Мұхаммад Әлидің табытына Қағбаның жамылғысынан бір мата ілуге қарсылық көрсетілді деп мәлімдесе, өзге дереккөздері де рәсімді ұйымдастырушылардың Мұхаммад Әлиді жерлеу рәсімінде Түркия діни басқармасының төрағасы Мұхаммад Гормездің Құран оқуына қарсылық танытуы Ердоғанның ашуына себеп болды деген уәж айтты.