Шамхани Иран мен Сирия және Ресейдің соғысты тоқтатуға талпыныс жасайтынын қуаттады
ИИР Ұлттық Қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Иран мен Ресей және Сирияның осы елдегі соғыс пен қантөгісті тоқтату шешім жолына қол жеткізу үшін мүмкіндіктерін белсенді етуді қуаттады.
ИРНА-ның хабарлауынша, Иранның Ұлттық Қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Шамхани жұма күні Теһранда Иран, Ресей және Сирияның Қорғаныс министрлерінің үш жақты саммиті аясында Сирия Қорғаныс министрі Фахад Джасем әл- Фариджді қабылдауында: «Иран Сириядағы лаңкестік топтардың тамыры жойылғанша осы елге қолдау көрсетуін жалғастырады» деді.
Шамхани Иран, Ресей және Сирия Қорғаныс министрлері отырысының жетістіктеріне сілтеме жасап: «Тәкфирлік лаңкестікке тосқауыл қою үшін әскери үйлесімділіктердің ұлғаюымен орайлас үш мемлекет тарапынан соғыс пен қантөгісті тоқтату үшін жалпыға бірдей шешім жолына қол жеткізу үшін саяси мүмкіндіктерді бұрынғыдан көбірек белсенді ету қарастырылады» деді.
Иран ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Сирия дағдарысын тек саяси жолмен ғана шешуге болады деп қуаттады.
Сирияның Қорғаныс министрі Фахад Джасем әл- Фаридж де осы кездесуде ислам революциясының мәртебелі жетекшісі Иран үкіметі және халқының лаңкестікпен күресте Сирияны қолдауына алғыс білдіріп: «Сирия үкіметі мен халқы қажымас қайратымен толассыз күрес жолын осы елді қылмыскер лаңкестерден толығымен тазартуға дейін жалғастыратын болады» деді.