Мохсен Резаи: БҰҰ- ның Сауд Арабиясының қылмыстары алдындағы екіұдай қатынасы жаңалық емес
Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының хатшысы Мохсен Резаи БҰҰ- ның ықпал ету және қысым көрсетуіне байланысты залым елдердің қылмыстарына көзжұмбайлық танытатын екіұдай қатынасын кәнігі және Иран халқы үшін жаңалық емес екендігін айтты.
ИРНА-ның жұма күнгі мәліметі бойынша, Иранның жүйе мүддесін анықтау алқасының хатшысы БҰҰ- ның Саддамның химиялық шабуылы және Иран халқына қарсы әділетсіз қарарлар қабылдауы мен «Мина» апаты сияқты қылмыстар алдындағы кейбір екіұдай қатынастарын атап көрсетіп, осындай қатынастарды астамшыл елдер мен әлемдік сионизмнің саясатына бағыну деп атады.
Резаидің «Instagram» парақшасында жарияланған мәтінде: «Сауд Арабиясының атауы балалардың құқығын бұзушылардың тізімінен оңайлықпен шығарылды. БҰҰ- ның бас хатшысы аталмыш ұйымның бюджеті тоқтатылуы мүмкін болғандықтан осындай шешім қабылдағанын мойындады. Бірақ бұл жолы осы ұйымның бас хатшысы БҰҰ- ның шын мәнінде байлық- билік пен айланың итаршысы болғанын ашық түрде мойындап, адамдардың демеушісі болуы тиіс ұйымның шын бейнесін масқара түрде әлем жұртшылығына көрсетті» деп жазды.