Иран мен Ресей және Сирияның лаңкестікпен күрес саласындағы ықпалдастығы ұлғаюда
Ислам республикасының Қорғаныс министрі Иран, Ресей және Сирия Қорғаныс министрлерінің Теһранда өткен үш жақты отырысында: "Сирия заңды үкіметінің өтініші бойынша, Теһран лаңкестікке тосқауыл қою үшін осы елдің үкіметі мен халқына қолдау көрсетуді өзінің міндеті деп санайды" деді.
Иранның Қорғаныс министрі бригада генералы сардар Хосейн Деһқан Иран, Ресей және Сирия Қорғаныс министрлерінің лаңкестікпен күрес тақырыбына арналған Теһрандағы үш жақты отырысынан кейін үш елдің лаңкестікпен күрес жолындаы ықпалдастық жасауы қажеттігін қуаттап: «Лаңкестікке қарсы батыл шара қолдану және аймақ пен әлемде тұрақтылық орнату Иранның жария еткен саясаты болып табылады» деді.
Деһқан ислам республикасының лаңкестікпен күресуге және Ирак пен Сирия халқына көмек ұсынуды жалғастыруға бекем бел буып отырғанына тоқталып: «Осы шаралардың мақсаты аймақта бейбітшілік, тұрақтылық және қауіпсіздік орнату болып табылады» деді.
Сирия мен Ресей Қорғаныс министрлері Фахад Джасем әл- Фаридж және Сергей Шойгу да осы отырыста Иран, Сирия және Ресейдің Сириядағы соғыс пен қантөгісті тоқтату шешім жолына қол жеткізу үшін саяси мүмкіндігін белсенді етуді қуаттаумен, осы елдегі дағдарысты доғарудың жалғыз жолын бұл елдегі барлық саяси топтар келісетін саяси шешім жолға қол жеткізу үшін «сириялық- сириялық» келіссөздерді жалғастыру деп атады.
Кейбір Батыс елдері мен аймақтағы мемлекеттердің, атап айтқанда АҚШ, Сауд Арабиясы, Түркия және Катардың қолдауына ие болып отырған лаңкестік топтардың әрекетінен туындаған Сирия дағдарысының басталуымен өткен бес жарым жыл ішінде Теһран осы дағдарысты дипломатиялық жолдармен шешу мақсатында сириялық, шетелдік делегациялар мен саяси және қарсылас топтарды талай рет қабылдады.
ИИР осы мерзім ішінде Ресей мен Сирия үкіметі және халқымен дос өзге елдермен бірге лаңкестік топтарды демеушілерге қайшы лаңкестікпен күрес үшін Дамасктің заңды үкіметіне қолдау көрсету арқылы осы дағдарысты шешу үшін «сириялық- сириялық» келіссөздер өткізуді қуаттады.
Бұған қарсы сындарсыз көзқарас және Сириядағы лаңкестік топтарды демеушілердің, атап айтқанда АҚШ, Түркия, Сауд Арабиясы мен өзге кейбір елдердің ашық та жасырын түрдегі қолдау көрсетулері қазірге дейін осы елдегі дағдарысты шешуге кедергі болып қана қоймай, дағдарыс шығындарының ұлғаюына, оның салдарларының өзге аймақтарға, тіпті Еуропаға өрістеуіне себеп болып отыр.
Осындай жағдайда БҰҰ да өз міндеттерін атқаруда салғырттық танытуы және Сирия армиясының лаңкестермен шайқастағы жетістіктерін көзге ілмеуімен іс жүзінде лаңкестік топтардың әрекеттерінің жалғасуына жол ашып отыр.
Дегенмен соңғы айларда лаңкестік топтардың сәтсіздікке ұрынуы және Сирия билігін құлату сценариінің жеңіліске ұшырауы, сондай-ақ, АҚШ пен лаңкестердің демеушілерінің ымыра орнатуға келісуі және Ресей мен Иранның сириялық тараптардың келіссөздерін қайтадан бастау жөніндегі ұсынысын қабылдауынан кейін осы елдегі дағдарыс сириялық топтардың парасаттылығы және лаңкестік топтарды демеушілердің араласпауымен жақын арада аяқталады деп күтілуде.