Иран бейбіт азаматтарды БҰҰ жарғысының негізін құрметтеу арқылы қорғау керектігін қуаттайды
(last modified Sat, 11 Jun 2016 13:13:17 GMT )
Маусым 11, 2016 19:13 Asia/Almaty
  • Иран бейбіт азаматтарды БҰҰ жарғысының негізін құрметтеу арқылы қорғау керектігін қуаттайды

БҰҰ-ғы Иранның елшісі әрі тұрақты өкілі бейбіт азаматтарды қорғау ісінің БҰҰ-ның жарғысы негізін, әсіресе елдердің егемендік құқығы мен саяси тәуелсіздігі және аумақтық тұтастығын құрметтеу арқылы жүзеге асырылуы керектігін айтты.

БҰҰ-ғы ИИР-ның елшісі әрі тұрақты өкілі Ғоламали Хошру Қосылмау қозғалысына мүше елдердің өкілі ретінде сөйлеген сөзінде аталмыш қозғалыстың қарулы қақтығыстарда бейбіт азаматтардың өмірін қорғаудың маңыздылығын қуаттап, әсіресе Палестина халқының құқығын қолдайтынын баса айтты.

БҰҰ-ғы Иранның елшісі әрі тұрақты өкілі халықаралық қауымдастықтың бейбіт азаматтарға шабуылдың жасалуына терең алаңдаушылық білдіретіндігін, мұндай шабуылдардың бүгінгі күні бұрын-соңды болмаған күйде артқанын мәлімдеді.