Иран Пәкістан үшін қауіпсіз және сенімді көршілес ел
Пәкістанның бұрынғы Ішкі Істер Министрі Иран Ислам Республикасын екі жақты экономикалық ынтымақтастықтарды кеңейту үшін қауіпсіз және сенімді көршілес ел деп атады
Пәкістанның бұрынғы Ішкі істер Министрі Камар Заман Кайра өз елінің Иранның оңтүстік-шығысындағы Чабаһар портын дамыту келісіміне қосылуын қолдап, Иранның Чабаһар порты мен Пәкістанның Гвадар портын дамыту ісінің аймақта үлкен сауда-экономикалық полюс қалыптастыра алатынын мәлімдеді. Заман Кайра ирандық порттарды тәуелсіз түрде, болмаса басқа елдердің серіктестігі және инвестиция салуымен дамытуды Иранның заңды құқығы деп атап: «Иранға қарсы халықаралық санкциялардың жойылуымен Пәкістан Иранмен серіктестіктерді кеңейтуге мүдделі, әсіресе газ құбыры жобасын жүзеге асырып, толықтыру саласына қызығушылық танытады» деді. Үндістанды Ауғанстан арқылы Орталық Азиямен қосу, сонымен қатар Ауғанстанның теңіз арқылы Үндістанға қолжетімділігін әзірлеуді қамтитын Чабаһар транзиттік портын дамыту келісімі аймақ елдерінің сауда-экономикалық байланыстарын кеңейтуде үлкен маңызға ие. Бұл меморандум Чабаһарды аймақтағы транзит, қуат және сауда орталығына айналдырады.