Каспий жағалауындағы мемлекеттердің Мәскеуде өткен отырысы туралы Ресейдің мәлімдемесі
(last modified Sun, 12 Jun 2016 08:28:28 GMT )
Маусым 12, 2016 14:28 Asia/Almaty
  • Каспий жағалауындағы мемлекеттердің Мәскеуде өткен отырысы туралы Ресейдің мәлімдемесі

Ресей Сыртқы істер министрлігі сенбі күнгі мәлімдемесінде Каспий жағалауындағы бес мемлекеттің Сыртқы Істер министрлері орынбасарларының Мәскеудегі үш күндік отырысын сындарлы деп бағалады.

ИРНА-ның мәліметінше, Ресей Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде: «Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі конвенциясының арнайы жұмыс тобының 45-ші отырысы Каспий жағалауындағы бес мемлекеттің Сыртқы Істер Министрлері орынбасарлары деңгейінде маусым айының 8-10 аралығында Мәскеуде өтті. Алғашқы келісімдер бойынша Каспий теңізінің арнайы жұмыс тобының отырысы теңіздегі кеме қатынасы мен теңіздің түбін бөлу және оның табиғи ресурстарын пайдалану мәселелеріне көңіл бөлді. Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін дайындау бойынша арнайы жұмыс тобының келесі отырысы Қазақстанда өтеді. Отырыстың өтетін күні жағалаудағы бес елдің дипломатиялық инстанциялары арқылы анықталады»,- деп көрсетілген.

Тегтер