Пәкістан Америкаға ескерту жасады
Маусым 13, 2016 21:47 Asia/Almaty
Пәкістан үкіметі Исламабад- Вашингтон ынтымақтастығының шартын Американың ұшқышсыз ұшақтарының Пәкістан жеріндегі шабуылдарын тоқтату деп атады.
Америкалықтардың Пәкістанның ұлттық егемендігі мен жер тұтастығына қол сұғушылығы осы ел халқының кең ауқымды наразылығын туғызып отыр.
Пәкістан үкімет басшысының сыртқы істер бойынша кеңесшісі Сартадж Азиз: "Америка Пәкістанды қажет еткен уақытта бізге жақындап, керек қылмаған кезде бізді ұмытады. Американың Пәкістанға деген көзқарасы өткен 60 жылда осындай көзқарас болды" деді.
Тегтер