Абдолла Абдолланың Ауғанстан мен Пәкістанның шекаралық қақтығысына білдірген реакциясы
(last modified Mon, 13 Jun 2016 16:39:22 GMT )
Маусым 13, 2016 22:39 Asia/Almaty
  • Абдолла Абдолланың Ауғанстан мен Пәкістанның шекаралық қақтығысына білдірген реакциясы

Ауғанстанның ұлттық бірлік үкіметінің атқарушы кеңесінің төрағасы осы елдің қауіпсіздік және қорғаныс күштерінің Торхам шекарасында пәкістандық әскерилердің нысандар құруының алдын алу шарасына алғыс білдірді.

Абдолла Абдолла дүйсенбі күні пәкістандық әскерилердің Торхам шекарасында нысандар салу шарасына көрсеткен реакциясында: "Ауғанстан билігі ешбір елмен текетіресті қаламайды, бірақ өзінің ұлттық мүддесі мен жер тұтастығын қорғайды. Пәкістан әскерилері Торхамда нысандар сала бастаған кезде Ауғанстан билігі осы елдің қайраткерлеріне хабарлады. Екі тарап арасындағы келісімдер бойынша нысандар салынбауы тиіс" деді.

Пәкістан мен Ауғанстан арасындағы Торхамдағы шекаралық текетірестер осыдан бір ай бұрын басталып, өткен жексенбі күні кешке екі елдің әскери күштері арасындағы атысқа ұласты.