Иран мен Франция әуе ғарыш өнеркәсібінде ынтымақтастық жасайды
Иран ислам республикасы мен Франция әуе ғарыш өнеркәсібі саласында ынтымақтастық жасайды.
Иранның әуе ғарыш одағы мен Францияның сауда ұлттық агенттігі Парижде француздық 26 компания мен одаққа мүше ирандық 10 компания басшыларының қатысуымен өткен бірлескен отырыста әуе ғарыш өнеркәсібі саласында ынтымақтастық жасау үшін қолда бар экономикалық мұрсаттарға шолу жасады.
Иранның әуе ғарыш одағының төрағасы Әмин Салари бұл отырыста осы салада ынтымақтастық жасау мұрсаттарын баяндап: "Санкциялар алынған соң бүкіл әлемнің көптеген сатушылары әуе ғарыш өнеркәсібі саласында Иранды қажетті бөлшектермен қамтамасыз етуге әзірлік танытты. .
Иран ислам республикасы өнеркәсіп және технология тасымалында қолда бар экономикалық мұрсаттарға инвестиция салуды қолдайды. Иран ұшақты жөндеу және сақтау сияқты кейбір өнеркәсіпте аймақта қолайлы жағдайға ие және көрші елдердің нарығына кіретін дарбаза бола алады" деді.