Ресейлік Су-24 ұшағы оқиғасынан кейін Эрдоған Путинге бірінші рет хат жолдады
https://itolqyn.com/news/world-i9409-Ресейлік_Су_24_ұшағы_оқиғасынан_кейін_Эрдоған_Путинге_бірінші_рет_хат_жолдады
Түркия Президенті Ресеймен арадағы қарым-қатынастары бұзылғаннан кейін бірінші рет ресейлік әріптесіне құттықтау хат жіберді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Маусым 15, 2016 14:19 Asia/Almaty
  • Ресейлік Су-24 ұшағы оқиғасынан кейін Эрдоған  Путинге бірінші рет хат жолдады

Түркия Президенті Ресеймен арадағы қарым-қатынастары бұзылғаннан кейін бірінші рет ресейлік әріптесіне құттықтау хат жіберді.

Түркияның Hurriyet газетінде жарияланған Эрдоғанның Путинге жазған хатында: «Аса құрметті Президент! Түркия халқының атынан Ресей халқын ұлттық күнімен құттықтаймын. Жақын арада Ресей мен Түркия қарым-қатынастарының өзінің лайықты деңгейіне жететіндігіне үміттенемін»,- деп айтылған. Бұдан бұрын белгісіз түрік қайраткерлерінің бірі Эрдоғанның 12-ші маусымда Ресейдің ұлттық күніне байланысты Ресей Президентіне осы хатты жолдағанын растаған болатын. Түрік қайраткері бұл хатты Түркияның тілектестігінің белгісі деп атап, хатқа Мәскеудің сындарлы жауап қайтаратындыңына үміт білдірді.