Армения мен Ресейдің Қорғаныс министрлерінің орынбасарлары келіссөз өткізді
(last modified Wed, 15 Jun 2016 15:15:25 GMT )
Маусым 15, 2016 21:15 Asia/Almaty
  • Армения мен Ресейдің Қорғаныс министрлерінің орынбасарлары келіссөз өткізді

Армения мен Ресей Қорғаныс министрлерінің орынбасарлары Мәскеудегі кездесуде түрлі тақырыптарды қарастырды.

Давид Тоноян өзінің ресейлік әріптесі Анатолий Антоновпен кездесуінде Оңтүстік Кавказ аймағында қауіпсіздік орнату жолындағы қиыншылықтар, сонымен қатар Армения мен Ресей арасындағы әскери байланысты кеңейту мәселесіне шолу жасады. Айта кету керек, соңғы күндері Армения халқы Ереван үкіметінің Ресеймен әуеге қарсы бірлескен кешен салу туралы шешіміне наразылық танытуда. Наразы азаматтардың пікірінше, осы елдің билігі Мәскеудің аймақтағы өз мақсаттарына қол жеткізуі үшін елді Ресейге тапсырғалы отыр.