Ресей президенті Иранның Еуразия Одағын кеңейтуге атсалысуына мүдделік танытты
Ресей президенті Санкт-Петербургтегі халықаралық экономикалық отырыс бас ассамблеясының басталуында жасаған баяндамасында Иран Еуразиялық Экономикалық Одақты кеңейтуге атсалыссын деп ұсыныс жасады.
ИРНА- ның хабарлауынша, Ресей президенті Владимир Путин жұма күні сөйлеген сөзінде: «Еуразиялық Экономикалық Одақты кеңейту үшін ге әртүрлі елдермен, соның ішінде Иран, Қытай және Үндістанмен жақын ынтымақтастықта болуға мүдделіміз.
Шамамен 40-қа жуық ел мен халықаралық ұйым Еуразиялық Экономикалық Одақпен ынтымақтастық жасауға әзірлік танытып отыр» деді.
Ресей президенті сондай- ақ 2014 жылдан Украина ісіне байланысты текетіреске толып, өзара санкцияға ұшыраған осы елдің Еуропалық Одақпен байланысы туралы айтқан сөзінде бұл жөнінде елінің Еуропалық Одақпен ынтымақтастық жасауға дайын екендігін мәлімдеді.
Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы халықаралық экономикалық отырыс әлемнің түрлі елдерінен келген үкіметтік және үкіметтік емес 800 делегацияның қатысуымен 16- шы маусым бейсенбі күні басталды. Аталмыш отырысқа Иран ислам республикасының делегациясы да қатысты. Халықаралық экономикалық отырыс 17- ші маусым жұма күні өз жұмысын аяқтады.