Иран – әлемдегі ең үлкен газ қорына ие ел
British Petroleum компаниясы өзінің жуықтағы есебінде Иранды әлемдегі ең үлкен газ қорына ие ел деп атады.
Британдық British Petroleum компаниясы биылғы жылдық есебінде әлемдегі газ қоры бойынша бірінші орынның, мұнай қоры тұрғысынан төртінші орынның бұрынғысынша Иранға тиесілі екендігін жария етті. Осы мәліметке сәйкес, Иранның газ қорының көлемі өткен екі жылдағыдан өзгермей, 34 триллион текше метр деңгейінде сақталған.
Ресей Ираннан кейін 32/3 триллион текше метр қорымен екінші, Қатар 24/5 триллион текше метр қорымен үшінші орында тұр.
British Petroleum компаниясының есебінде Иранның әлемдегі дәлелденген жалпы мұнай қорының 3/9 пайызға ие екендігі, соның негізінде әлемдегі мұнай қорына ие төртінші ірі мемлекет саналатындығы айтылған.