Ресейдің футбол жанкүйерлерінің бір тобы Франциядан шығарылды
Францияның полиция дереккөздері Ресейдің футбол командасы жанкүйерлерінің бір тобының Франциядан шығарылғанын хабарлады.
Францияның полиция дереккөзі сенбі күні Ресей футболшыларының жиырма жанкүйерін Мәскеуге ұшақпен қайтару үшін Францияның оңтүстігіндегі Марсель қаласынан Францияның оңтүстік-шығысындағы Ницца қаласына аттандырылғанын хабарлап, ресейлік жиырма жанкүйердің Марсель қаласында Британия мен Ресейдің футбол жанкүйерлері арасында қақтығыс орын алған соң құрықталғанын қуаттады. Францияның полиция дереккөздері Ресейдің жиырма жанкүйерінің сотқа шақырылмастан Франция басшыларының шешімі негізінде осы елден шығарылғанын мәлімдеді.
Мәскеу де бұл мәселеге реакция білдіріп, Ресейдегі Францияның елшісі Жан Морис Риперді шақыртып, «Евро-2016»-да Ресей көрермендеріне қатысты дискриминациялық қатынастың көрсетілуіне байланысты наразылықтарын Франция қайраткерлеріне жеткізуді сұрады.