Путин Батыстың Украинаның істеріне араласуын айыптады
Ресей Президенті Украинаның қазіргі үкіметінің іс-әрекеттерін сынап, Батыстың бұл елге араласуының мақсатын НАТО күштерін орналастыру деп атады.
«Меһр» ақпарат агенттігінің "Россия сегодня" халықаралық медиатобына сілтеме жасап хабарлауынша, Ресей Президенті Владимр Путин: «Қазіргі кездегі Украина үкіметінің басындағылар сайлау сынды демократиялық құралдарды пайдаланып, билік басына келе алатын еді»,- деді.
Санкт-Петербургте өткен Халықаралық экономикалық форумда сөйлеген Ресей Президенті Украинаның қазіргі үкіметіне қатысты: «Украинаның қазіргі басшылары бұл елдің бұрынғы президенті Виктор Янукович сынды Батыспен ынтымақтастық жасай алатын еді»,- деп, батыстықтардың Украина мәселесіне араласуын сынап: «Батыс НАТО күштерінің орналасуын ақтау үшін мәселені одан сайын шиеліністіруде. Олар шетелдік бір дұшпан мен бір қарсыласты қажет етеді»,- деді.