Иран мен Қазақстанның темір жол ынтымақтастықтары кеңейді
ИИР-ның Темір жол компаниясыынң орынбасары Теһран мен Қазақстан арасындағы темір жол ынтымақтастықтарының кеңейгені туралы хабарлады.
ИРНА-ның мәліметі бойынша, ИИР-ның Темір жол компаниясының орынбасары Хосейн Ашури «Иран мен Қазақстан арасындағы жаңа темір жол желісі Қазақстан бидайын Иранға тасымалдау мүмкіндігінің артуына себеп болады. Қазақстан жақсы темір жол инфрақұрылымына ие. Жақын арада Теһран мен Астана арасындағы ынтымақтастықтар кеңейеді»,- деді.
Ашури Қазақстанның көмектері және Қытай-Иран темір жол желісі іске қосылған соң Иранның темір жол инфрақұрылымдарын дамытуындағы Қазақстанның рөлі туралы: «Аталмыш темір жол іске қосылған соң Қазақстанның кірісі бірнеше есе артады. Қытай мен Түркіменстан сынды дос мемлекеттер де бұл жолды пайдалана алады. Қытай мен Түркіменстан аймақтық темір жол ынтымақтастықтарын қолдайды. Қытай-Қазақстан-Иран темір жол желісінің іске қосылуы аймақтық ынтымақтастықтың белгілерінің бірі",- деп мәлімдеді.