Иран Сыртқы істер министрі ислам әлемі бірлігінің қажеттігін қуаттады
Иран Сыртқы істер министрі ислам әлемі бірлігінің қажеттігін қуаттап: «Исламдық елдер қайшылықтарын күшейтудің орнына ортақ дағдарыстарын исламның атымен исламдық елдердің дамуы үшін шеше алатындықтарын көрсете алады»,- деді.
ИРНА-ның мәліметі бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф Франциядағы Иран елшілігінде әлемнің 33 мемлекетінің елшілері мен исламдық ұйымдардың өкілдері және кейбір франциялық басшылардың қатысуымен өткен ауызашарда: «Ислам әлемі Ислам діні мен Ислам әлеміне әсерін тигізіп отырған экстремизм және лаңкестікпен күресе алатынын көрсетуі керек. Ең маңызды әділетсіздік – Палестинаға қарсы әділетсіздік. Исламдық мемлекеттер шабуылдар және қатыгездікпен бетпе-бет келіп тұрған кезде қайшылықтарын азайтуы қажет. Ислам діні жеке адам немесе арнайы аймаққа қатысты емес. Мұсылмандар «бір адам бүкіл адамзат» және «бір адамды өлтіру бүкіл адамдарды өлтіру» деп санайтын дінге иман келтірді»,- деп мәлімдеді.