Иран ислам республикасы мен Францияның байланыстары күшейеді
Франция Сыртқы істер министрінің ресми шақыруымен Парижге сапар шеккен Иран Сыртқы істер министрі осы елдің Сенат парламентінің төрағасы және Франция Сенатының сыртқы істер комиссиясының төрағасымен жеке- дара кездесулер өткізіп, сұхбаттасты.
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Франция Сенаты парламентінің төрағасы Жерар Ларше және Франция Сенатының сыртқы істер, қорғаныс және қарулы күштер комиссиясының төрағасы Жан-Пьер Раффаренмен екі жақты қызықтыратын мәселелер туралы ой бөлісті.
Зариф бүгін сондай- ақ Франция ұлттық парламентінің төрағасымен кездесуді жоспарлап отыр. Содан соң «Елисей» сарайында Франция президенті Франсуа Олландпен кездесіп, әңгімелеседі.
Франция Сыртқы істер министрі Жан-Марк Эромен кездесу де Иран дипломатиялық аппараты төрағасының Париж сапарының екінші күнінің жоспары деп хабарланды.
«ENA» мемлекет басқару ұлттық кеңсесінде баяндама жасау, «Airbus» компаниясының төрағасымен және Францияның Қаржы министрімен кездесу Зарифтің Париждегі келесі бағдарламаларының қатарына жатады.