Зариф: Иран мен Францияның ынтымақтастығы екі ел үшін де пайдалы
(last modified Thu, 23 Jun 2016 07:47:55 GMT )
Маусым 23, 2016 13:47 Asia/Almaty
  • Зариф: Иран мен Францияның ынтымақтастығы екі ел үшін де  пайдалы

ИИР Сыртқы істер министрі "Теһран мен Париж көптеген салаларда бір- бірімен ынтымақтастық жасай алады" деді.

Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф сәрсенбі күні түстен кейін Парижде Франция Сыртқы істер министрімен бірлескен ақпараттық отырысында Иран президенті Хасан Руханидің Францияға жасаған сапарынан кейін екі ел арасында түрлі салада ынтымақтастық үшін алғышарт қалыптасқанын мәлімдеді.

Иран Сыртқы істер министрі сондай- ақ ядролық келісім туралы айтқан сөзінде: «Күллі әлем жұртшылығы байқағандай, Иран өз міндеттемелеріне берік және қарсы тараптың да өз міндеттемелеріне берік болуы керектігін қуаттайды» деді.

Франция Сыртқы істер министрі Жан Марк Эро да Зарифтің Парижге келгеніне ризалық білдіріп, Иран Сыртқы істер министрімен Сирия дағдарысы туралы сұхбаттасқанын және Теһран мен Париждің екі жақты мәселелерін де талқыға салып, шолу жасағандарын айтты.

Франция Сыртқы істер министрі ядролық келісімді қорғап, бұл келісімнің Иранның ядролық бағдарламасы үшін тарихи жауап және жарқын мұрсат болғанын қуаттады.