Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісі «Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы серіктестік келісімін ратификациялау туралы» заңжобасын бекітті
Қазақстан Парламентінің Мәжілісі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ауғанстан Ислам Республикасы Үкіметі арасындағы азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайларды ескерту және жою саласы бойынша серіктестік келісімін ратификациялау туралы заңжобасын бекітті.
«Фарс» хабар агенттігінің мәліметі бойынша Қазақстанның Парламент Мәжілісі бүгін, бейсенбі, маусым айының 23-і күні осы елдің Ауғанстанмен азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайларды ескерту, олардың алдын алу және жою саласы бойынша серіктестік келісімін ратификациялау туралы заңжобасын бекіткен.
Аталмыш заңжобасында екі ел тарапынан ортақ мониторинг құру, сонымен қатар төтенше жағдайларды шешудің тәсілдері қарастырылған. Қазақстанның Ішкі Істер Министрі Қалмұханбет Қасымов та бұл туралы тілшілерге берген сұхбатта: «Аталмыш заңжобасын бекіту екі елдің оқыту мекемелерінде төтенше жағдайды болжау және азаматтық қорғаныс саласының мамандарын дайындау негізінде тәжірибе алмасу мүмкіндігін әзірлейді. Халықты қорғауды арттыру мақсатында тақырыптық конференциялар мен семинарлар және жаттығулар, сонымен қатар бірлескен үйрету сабақтарын жүйелі түрде өткізу, екі елдің аумағында төтенше ахуал орнаған жағдайда қысқа уақытта көмек ұсыну осы заңжобада болжанды» деді.
Қазақстан Ауғанстан азматтары үшін оқыту курстарын ашты. Қазақстан Республикасының ақпарат құралдарының мәліметі бойынша бүгінде Қазақстанның оқыту мекемелерінде Ауғанстанның 822 азаматы білім алып жатыр.