Зариф Сирия дағдарысының саяси шешім жолын қуаттады
(last modified Thu, 23 Jun 2016 15:17:58 GMT )
Маусым 23, 2016 21:17 Asia/Almaty
  • Зариф Сирия дағдарысының саяси шешім жолын қуаттады

Иран Сыртқы Істер Министрі Сирия дағдарысының тек саяси жолдар арқылы ғана шешімін табатынын қуаттады.

ИРНА-ның мәліметі бойынша Иран Сыртқы Істер Министрі Мохаммад Джавад Зариф сәрсенбі күні кешке Францияның Дипломатиялық Академиясында жоғары деңгейлі дипломаттар мен осы елдің халықаралық байланыстар саласындағы зерттеуші ғалымдардың ортасында сөйлеген сөзінде: "Егер Сирия дағдарысы тек қана Башар Асадтың болашағына шоғырланатын болса, саяси шешім жолына қол жеткізілмейді. Сирия тақырыбы бойынша Сирия болашағының құқықтық құрылымы басты назарда болуы керек. Сирияда федералды құрылым қалыптастыру шешім жолы бола алмайды» деді.

Иран Сыртқы Істер Министрі аймақ жағдайын, әсіресе Йемен мен Бахрейн, Сирия мен Ирактың жағдайын тілге тиек етіп, Бахрейн туралы: «Аймақтағы алаңдаушылықтардың бірі - Бахрейн мәселесі. Себебі бір азшылық топ көпшілік топ тарапынан басып-жаншылуда. Бахрейндегі қарсылас топтар үкіметті құлатуды мақсат етпейді. Барлық саяси жолдарды жауып, рухани тұлғаны түрмеге қамап, оны азаматтықтан айыру шешім жолын қалыптастыра алмайды» деп қуаттады. Иран СІМ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының орындалуына тоқталып: «Санкциялар қағаз жүзінде ғана жойылды. Бірақ еуропалық елдер сезіліп отырған психикалық кеңістіктің, әсіресе банктік әрекеттестіктерде жойылуы үшін күш салуы керек» деп баса айтты.