Өзбекстан мен Тәжікстан президенттері кездесті
(last modified Fri, 24 Jun 2016 10:51:57 GMT )
Маусым 24, 2016 16:51 Asia/Almaty
  • Өзбекстан мен Тәжікстан президенттері кездесті

Өзбекстан мен Тәжікстан президенттері 23- ші маусым, бейсенбі күні Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы басшыларының Ташкенттегі отырысының ресми басталуынан бұрын кездесіп, аймақтың қауіпсіздік ахуалы, соның ішінде Ауғанстан жағдайы туралы сұхбаттасты.

Саяси және экономикалық түрлі салаларда екі елдің ынтымақтастығын кеңейту жолдарына шолу жасау да Ташкент пен Душанбе басшылары сұхбатының келесі тақырыптары ретінде жарияланды. Екі тарап байланыстың күшеюі үдерісіне, әсіресе соңғы айлардағы екі ел арасындағы қаржы айналымы көлемінің артуы мен сауда- саттық пен экономикалық ынтымақтастықтар ісінде үкіметаралық комиссияның белсенді болуына ризалық танытты.

Сондықтан Тәжікстан мен Өзбекстан байланысындағы өткен екі он жылдықтағы салқындық екі тараптың қарым- қатынасының жақсаруы мен күшеюі бағытында өзгеріп жатқандай көрінеді. Осы үдеріс өткен жылы екі елдің Сыртқы істер министрлері орынбасарларының кездесуімен басталып, қазір ынтымақтастықтарды кеңейту жолына түскен сыңайлы.

Егер бұрын екі ел президенттерінің саяси талабының болмауы екі елдің байланысына кедергі болған болса, қазір Душанбе мен Ташкент қарым- қатынасындағы текетіресті түзету екі ел қайраткерлерінің көзқарасының өзгеруі мен байланысының жақсаруына себеп болып отыр.

Орталық Азия аймағындағы екі көршілес елдің бағыт- бағдарын өзгерту қажеттілігіне сыртқы саясаттағы кейбір факторлар мен екі елдің қауіпсіздік саласындағы ұстанымдары себеп болды. Осы мәселелер аймақта бейберекеттікті өрістетіп, Мәскеудің Ташкент пен Душанбе байланысының жақсаруы үшін ұсыныс жасауына себеп болды. Кейбір басты бағдарлар мен экономикалық ынтымақтастыққа назар аударудың қажеттілігі де екі тарап басшыларының Өзбекстан мен Тәжікстан байланысындағы кеңістікті өзгертуге бейімділігіне әсерін тигізбей қоймады.

Сондықтан тәжік және өзбек саяси өкілдерінің алғашқы кездесулерінде Өзбекстанның газ және электр қуатын экспорттауды бастау, Тәжікстан мен Өзбекстан арасындағы виза режимін өзгерту, көршілес екі ел арасында ұшақ және көлік қатынасын жолға қою тараптар сұхбатының күн тәртібіне қойылды.

Ресейдің Тәжікстан мен Өзбекстанды ынтымақтастыққа қарай бейімдетуі және осы екі елді Еуразия Экономикалық Одағыына мүшелік сияқты ынталандырушы жобалары да Душанбе мен Ташкенттің бір- біріне жақындауындағы маңызды факторлар.

Алайда Тәжікстан мен Өзбекстан байланысының жақсаруына ықпалын тигізген ең маңызды фактор аймақта пайда болған қауіпсіздік саласындағы қоқан- лоққылар болса керек. Екі елде қарсылас топтардың экстремистік қаупінің өрістеуімен қоқан-лоққы екі елдің қайраткерлері үшін басқа кездерден көбірек сезілді. Өзбекстан мен Тәжікстан президенттерінің Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы басшыларының саммиті қарсаңындағы бейсенбі күнгі кездесуіндегі сұхбаттары да осыны дәлелдейді. Кездесіп отырған ел басшыларының Ташкент келіссөздерінің өзекті тақырыбы қауіпсіздік мәселесі және оны қамтамасыз ету қажеттілігі болуы мүмкін.