ДАИШ лаңкестік тобы Ауғанстанның шығысында баларды өлтірді
(last modified Sat, 25 Jun 2016 11:08:08 GMT )
Маусым 25, 2016 17:08 Asia/Almaty
  • ДАИШ лаңкестік тобы Ауғанстанның шығысында баларды өлтірді

ДАИШ лаңкестік тобы Ауғанстанның шығысында балаларды айуандықпен өлтірді.

Ауғанстанның шығысындағы Нангархар облыстық кеңесінің мүшесі Нилуфар Азиз ДАИШ тәкфірлік-лаңкестік тобы мүшелерінің бүгін, сенбі күні таңертең осы облыстың эл-Кут қалашығына шабуыл жасап, бірақатар баланы айуандықпен өлтіріп, бірнеше әйелді өздерімен алып кеткенін, ДАИШ тәкфірлік-лаңкестік тобы мен үкіметтік күштер арасындағы қақтығыста 21 лаңкестің өліп, олардың 23 мүшесінің жараланғанын хабарлады. Нангархар облыстық кеңесі мүшесінің айтуы бойынша осы қақтығыста үкіметтік күштерден де 10 адам қайтыс болған. ДАИШ тобы Нангархар облысының эл-Кут, Чапархар, Спин Гар, Хаска-Мина қалашықтарында құзыр теуіп отыр. Олар полиция учаскелері мен адамдардың үйлеріне шабуыл жасайды.