Англияның Еуропа Одағынан шығуынан кейінгі реакциялар
(last modified Sat, 25 Jun 2016 11:21:03 GMT )
Маусым 25, 2016 17:21 Asia/Almaty

Англияның Еуропа Одағынан шығуына байланысты реакциялар жалғасуда.

Еуропа Одағының негізгі алты елінің Сыртқы Істер министрлері сенбі күні Берлинде Англияның одақтан шығуы туралы сұхбаттасу мақсатында жиналды. Германия Сыртқы Істер Министрі Франк- Вальтер Штайнмайер: "Біздің Еуропаны бізден тартып алуға рұқсат бермейміз" деді. Америка президенті Германия канцлері және Англия премьер-министрімен телефон арқылы байланыста Англияның Еуропа Одағынан шығуының салдарларын қарастырды. Англияның Еуропа Одағынан шығуының салдарлары қаржы нарықтарында да сезілді. Референдум нәтижелерінің жариялануының алғашқы сағаттарында Англияның фунты мен осы ел және еуропалық басқа елдер мен Американың биржасы төмендеп кетті. Әлемдік нарықтардағы алтын бағасы қымбаттады. Англия халқы бейсенбі күнгі референдумда Еуропа Одағынан шығуға дауыс берді.