Қарсыласу экономикасы – исламдық дамудың үлгісі (1)
(last modified Sat, 19 Nov 2016 10:02:45 GMT )
Қар 19, 2016 16:02 Asia/Almaty
  • Қарсыласу экономикасы – исламдық дамудың үлгісі (1)

Иран Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи мұсылмандардың экономикалық күш-құдіретін арттыру қажеттігін қуаттап келеді. Осы аяда экномикалық қысымдарды азайтып, тұрақты әрі белсенді экономикаға жету үшін «қарсыласу экномикасы» терминін қолданды.

Тәуелді әрі тұтынушы экономикаға қарсы тұрған қарсыласу экономикасы жергілікті экономиканың тіректерін нығайтыпп және қолдау арқылы үстемшіл жүйенің экономикалық қысымдарының алдында табандылық танытады. Назарларыңызға осы тақырыптағы бағдарламамыздың бірінші бөлімін ұсынамыз. 

Қарсыласу экономикасы

Тұрақты әрі белсенді экономика – қоғамдардың дамуы мен ілгерілеу белгілерінің бірі. Тіпті экономикалық күш бір халықтың күш-құдіреті мен тұрақтылығында анықтаушы рөл атқара алады деп те айтуға да болады. Сол себепті алпауыт елдер экономикалық санкцияларды әрдайым өздеріне қарсы елдерге қысым көрсету құралы ретінде пайдаланады.

Санкция сыртқы саясатта пайдаланылатын жазалау құралы болып табылады. Санкцияның мақсаты – нысанға алынған  елдің әрекет ету жолын өзгерту. Бұл саяси немесе экономикалық саясаттағы өзгерістер бола алады.

Иран Ислам революциясы жеңіске жетіп, исламдық республика жүйесі орнағаннан кейін әлемде биліктің жаңа формасы пайда болды. Оған үстемшілдікпен ымыраласу жат болғандықтан мәдени, саяси және экономикалық тәуелділіктен арылу үшін онымен күресті. Экономикалық және саяси географиялық тұрғыдан маңызды болып табылатын аймақта Ислам Республикасының орнауы әлемдік үстемшіл жүйенің Саддамның соғыс ашуы сияқты амалдармен оған бар күшімен қарсы тұруына себеп болды. Соғыс аяқталып, әскери алаңда дұшпандар жеңіліс тапқаннан кейін шабуылдар басқа салаларда жалғасты.

Соңғы жылдары ИИР-на қарсы ауқымды іс-әрекеттер жасалған осындай салардың бірі экономика саласы болып табылады. Алайда экономикалық қысымдар мен санкция тек Иранға ғана емес, сонымен қатар, Батысқа қарсы шығып, тәуелсіздік талап еткен көптеген елдерге де қауіп төндірді деп айтуға болады. Сол себепті исламдық қауымдастықтар өздерін экономикалық салаларда жаңалықтар енгізуге міндетті санап, тәуелсіздік пен батысқа тәуелділіктен арылу қағидалары мен исламдық тағылымдарға сүйенген саяси, мәдени және экномикалық бағытын анықтау үшін шынайы талпыныс жасауы керек.

Көптеген исламдық елдер бетпе-бет келіп отырған экономикалық қысымдардан туындап отырған қиындықтарға байланысты Иран Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи мұсылмандардың  экономикалық күш-құдіретін арттыру қажеттігін қуаттап келеді. Осы аяда экномикалық қысымдарды азайтып, тұрақты әрі белсенді экономикаға жету үшін «қарсыласу экномикасы» терминін қолданды. Тәуелді әрі тұтынушы экономикаға қарсы тұрған қарсыласу экономикасы жергілікті экономиканың тіректерін нығайтып және қолдау арқылы үстемшіл жүйенің экономикалық қысымдарының алдында табандылық танытады. Шын мәнінде, қарсыласу экономикасы бір аймақ немесе елге салынған санкциялармен күресу тәсілі болып табылады. «Қарсыласу экономикасы» термині алғаш рет 2005 жылы экспорттау мүмкіндігінің болмауы салдарынан көптеген егін шаруашылығының өнімдерін егу деңгейінің төмендеуіне соқтырған Газа қоршауы кезінде пайдаланылып, қарсыласу экономикасының басты критерийлері мен заңдары анықталды.

Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи

Иранда бұл сөз тіркесі алғаш рет 1389 жылы кәсіпкерлердің Революция жетекшісі хазірет аятолла Хаменеимен кездесуінде қолданылды. Хазірет Иранның экономикалық күшін арттыру және дамуға арналған лайықты үлгі ұсыну үшін «қарсыласу экономикасын» басты термин ретінде пайдаланды. Қарсыласу экономикасының көрсеткіштері даму үшін экономикалық тәуелділіктен арылу және тиімді әрі лайықты үлгіге қол жеткізуді көздейтін барлық қоғамдар үшін жол ашады. Қоғамда қарсыласу экономикасының мақсаттарын жүзеге асыру экономикалық және саяси салаларда оң нәтижелерге жеткізеді. Бөтен елдердің санкцияларына қарсы табандылық қоғамның ішкі ресурстарға сүйеніп, жергілікті әлеуеттер мен мүмкіндіктерді пайдалануына себеп болады. Бұл дегеніміз – саяси тәуелсіздіктің тіректері нығайып, ұлттық күш-құдірет артады деген сөз. Аятолла Хаменеи осындай жағдайда қарсыласу экономикасын былай түсіндіреді: «Қарсыласу экономикасы дегеніміз – бір халықтың тіпті қысымдар кезінде де өркендеп, дамуына мүмкіндік беретін экономика... яғни, қысым мен санкция жағдайы мен дұшпандық кезінде де бір елдің өркендеуі мен өсуін қамтамасыз ететін экономика».

Экономистер қарсыласу экономикасын түсіндіргенде қарсыласу экономикасының тәуелді әрі тұтынушы экономикаға қарсы тұратынын қуаттайды. Ол сылбыр экономика емес, ол үстемшіл экономиканың мақсаттарының алдында табандылық танытады; экономикалық құрылымдарды өзгертіп, өзінің әлемге деген көзқарасы мен өзінің мақсаттары негізінде экономиканы жергіліктендіруге  тырысады. Басқаша айтқанда, қарсыласу экономикасы дегеніміз – қысым түскен салаларды анықтап, оларды бақылауға алып, залалсыздандыруға күш салып, қысымдарды мүмкіндікке айналдыру. Қарсыласу экономикасы тәуелділіктерді азайтуға, ішкі өндірістің басымдылықтарын қуаттауға, сондай-ақ, өз-өзін қамтамасыз ете алу деңгейіне жетуге талпыныс жасауды көздейді. Қарсыласу экономикасы болашақты нақты әрі көрегенділікпен зерттеп, дұшпанның қоғамның экономикасына соққы беруге көмектесетін болашақтағы барлық мүмкіндіктерін анықтап, түрлі деңгейлерде лайықты әрі тиімді шараларды пайдаланады.

Қарсыласу экономикасының өзектері

Ислам тағылымдарымен астасқан қарсыласу экономикасы туралы айтар болсақ, көз алдымызға исламдық экономиканы елестетеміз. Ол дегеніміз – тоухидке негізделген көзқарастан бастау алып, белгілі бір үлгідегі материалдық және тіршілікті қамтамасыз ету категорияларын ұсынатын экономика. Бұл – социалистік немесе капиталистік үлгі емес. Ислам тағылымдарына негізделген қарсыласу экономикасы санкциялардан зардап шегіп отырған елдердің экономикасын кеңейту үшін жаңа әрі тиімді үлгі бола алады.

Даму лексикасы қалыптасқан кезде экономикалық даму және материалдық ауқаттылыққа жету туралы көптеген теориялық үлгілер ұсынылды. Исламдық тағылымдарға негізделген қарсыласу экономикасының критерийлері мен көрсеткіштеріне тоқталмас бұрын осы уақытқа дейін қолданылған түрлі даму теорияларына қысқаша тоқталып өтейік. Даму теорияларын төрт топқа бөлуге болады:

  1. жаңарту немесе модернизациялау теориясы
  2. тәуелділік теориясы
  3. Валлерстайнның әлемдік жүйелер тоериясы
  4. Дамудан кейінгі теория

Жаңарту немесе модернизациялау теориясы төмендегі пікірге негізделген: дәстүрлі немесе артта қалған елдер капиталистік дамыған елдерден үлгі алып, дәстүрлі қоғамдарды батыстық қоғамдардың қалпына келтіреді. Бұл саладағы ұсынылған ең ықпалды үлгі Уолт Витман Ростоу ұсынған «экономикалық дамудың кезеңдері» деп аталған үлгі болды. Жаңарту теориясының синонимі ретінде «батыстандыру» сөзін атауға болады. Оңтүстік Корея, Малайзия, Жапония мен Түркия осы үлгіні пайдаланған елдерге жатады.

Жаңарту теориясын ұсынушылар дәстүрлі қоғамдарды жаңа қоғамдарға қарсы қою арқылы топтастыру тәсілін пайдаланып отыр. Олардың бір жағында артта қалған дәстүрлі қоғам тұрса, екінші жағында дамыған жаңа қоғам  тұр. Бұл теория төмендегі гипотезаға негізделген: барлық қоғамдар бір-біріне ұқсас дәстүрлі болған. Олар батыста орын алған өзгерістерден өтіп, жаңа қоғамға айналады. Бұл өту үдерісі батыстың қоғамдық, экономикалық және саяси жүйелерін тарату арқылы жүзеге асрылады. Бұл теория бойынша, даму – бастапқы әрі дәстүрлі құндылықтарды батыстық жаңа құндылықтармен алмастыру.

Дамудың келесі бір үлгісі марксизм мен Латын Америкасы ойшылдарының тәжірибелерінің тоғысуынан туындаған тәуелділік теориясына негізделген. 1950 онжылдықта Чилидің Сантьяго қаласында Латын Америкасына арналған экономикалық комиссияның экономистерінің бір тобы бір маңызды мәселеге байланысты зерттеу бағдарламасын бастады. Оның тақырыбы капиталистік елдер мен кедей әрі даму үстіндегі елдердің арасындағы қашықтыққа себеп болған факторлар болды. Зерттеудің нәтижесі көрсеткендей, бұл қашықтықтың басты факторы – оңтүстіктегі  елдердің солтүстіктегі өнеркәсіптік елдерге тәуелділігі.

Тәуелділік үлгісі төмендегі пікірге негізделген: бір экономиканың артта қалуы сыртқы саяси, экономикалық және мәдени факторлар мен бұл факторлардың ұлттық экономиканың дамуына тигізетін әсерлеріне байланысты.

Бұл мектептің теорияшылдарының бірі – Пол Баран. Ол артта қалған елдердің дамымауының, тіпті олардың даму мүмкіндігінен кенделігін үстемшіл елдердің дамымаған елдерге қарай жолдарының ашылуы салдарынан олардың экономикаларының қалдығының тұрақты түрде сыртқа шығуының салдары деп түсіндіреді. Сонымен қатар оның пікірінше, дамыған елдердің артта қалған елдерде инвестиция салуы олардың дамуы мен кеңеюіне көмектеспеуімен қатар, артта қалған елдердің өз экономикасының артығының басым бөлігін пайда қалыбында дамыған елдерге жөнелтуіне себеп болады.

Бұл елдер дайын тауарларды тұтынуда өнеркәсіптік елдерге тәуелді болмас үшін импортты алмастыруға негізделген өнеркәсіптендіру саясатына көшуі керек. Дегенмен бастапқы кезеңдерде бұрынғысынша шикізат экспорты жалғасатын болады, бірақ, экспорттан түскен валюталық табыстар үстіне қосымша құн қосылған тауарларды сатып алуға жұмсалмауы тиіс.

Баран дамымауды капиталистік жүйенің әлемнің азырақ дамыған бөлімдеріндегі іс-әрекеттерімен байланыстырады. Осылайша, алыс жатқан аймақтардың дамудың орнына капиталистік жүйені  қабылдауы олардың артта қалуына себеп болады.