Ирандағы президенттік сайлау (8)
(last modified Mon, 15 May 2017 04:54:21 GMT )
Maм 15, 2017 10:54 Asia/Almaty
  • Ирандағы президенттік сайлау (8)

Иранда екі аптадан кейін маңызды президенттік сайлау өтеді. Иран қоғамындағы қарбаластықпен қатар, елдің саяси құрылымындағы орны маңызды болғандықтан, Сақшылар кеңесінің алдағы сайлаудағы бақылаушы орган ретіндегі рөлі назар аударарлық болмақ.

Иранның президенттік сайлауға қатысты заңының 1-бабының 8-тарауына сәйкес, президенттік сайлауды бақылау міндеті Сақшылар кеңесіне жүктелген. Бұл бақылау барлық кезеңдер мен сайлауға қатысты дерлік іс-шараны қамтиды.

Сақшылар кеңесінің Иранның саяси құрылымындағы орны

Сақшылар кеңесі – Ислам кеңесі мәжілісінің жарлықтарын Конституциямен сәйкестендіру және сараптама ұсыну арқылы Конституцияны сақтау, сондай-ақ, Ислам кеңесі мәжілісінің жарлықтарын Ислам заңдарымен сәйкестендіру арқылы шариғатты сақтау міндеттерін атқаратын Ислам республикасы жүйесінің негізгі органдарының бірі. Сақшылар кеңесі ИИР-ның Конституциясында ерекше орынға ие. Тіпті, бұл орган Иран Ислам кеңесі мәжілісінің қасында болмаған жағдайда, Мәжілістің жарлықтары жарамсыз саналады.

 Саяси мәселелердің сарапшысы доктор Джавад Ходжапурдың айтуынша, президенттік сайлауға қатысты 119-баптың заңдарына сәйкес, президенттік кезеңнің аяқталуынан кемінде бір ай бұрын кезекті президенттік сайлау өткізілуі тиіс. Президенттік сайлау заңдары бойынша, тіркеу аяқталған күннен бастап екі түрлі бақылау, басқаша айтқанда, тексеру басталады. Алдымен бастапқы тексеру жұмыстарын жүргізетін комиссия үміткерлердің заңда көрсетілген талаптарға сәйкестігін қарайды. Бұл тексеру шараларының көп бөлігі үстірт өткізіледі. Мысалы, оларда Конституцияның 115-бабында келтірілген қағида жоқ. Яғни, тіркелушінің ирандық азамат болуы немесеоның екі азаматтыққа ие болуы, сондай-ақ,үміткердің сотқа тартылғаны не тартылмағаныжөнінде мәліметжинастырылмайды. Келесі кезеңде Конституцияның 118-бабы бойынша тек Сақшылар кеңесі ғана тексеріс жұмыстарын жүргізіп, тізім жазып, адамдардың тексерістен өткені немесе өтпегені туралы өздеріне дәлелдер келтіріп, хабарлайды.

Сонымен қатар, Сақшылар кеңесінің сайлау ісінде бақылаушы ұйым ретінде қажетті құзіреттілігі бар. Сақшылар кеңесінің Ирандағы президенттік сайлаудағы бақылауы ерекше түрде жүргізіліп, бұл үдерістегі ауытқушылық пен сәйкестікті анықтайды. ИИР-ның президенттік сайлауына қатысатын үміткерлердің заңдағы талаптарға сай біліктіліктерін растау – Сақшылар кеңесінің міндеті. Бұл орган Иранның исламдық республика жүйесін қорғауда маңызды рөл атқарады.

Саяси мәселелердің маманы доктор Джавад Ходжпур былай дейді: «Заң бойынша, сайлауға қатысатын үміткерлердің тізімі халыққа жарияланбас бұрын алдын алатіркелген адамдардыңөткен-өтпегені туралы өздеріне айтылады. Одан кейін шағымдану үшін бірнеше күн мүмкіндік беріледі. Ол кезде де адамдарға сол дәлелдер қайта айтылады. Конституцияда  тексеріс үдерісі айқын сипатталған. Бір үміткердің кандидатурасының заңдарға қайшы келетін белгілі бір жайттарға байланысты қабылданбағаны халыққа жарияланбайды. Кандидатурасының қабылданбағауының себептері адамның өзіне жеткізіледі. Одан кейін адамға шағымдануы үшін мүмкіндік беріледі. Оның өзінің көзінше себептер тағы оқылады. Бірақ, ол адам өзі қанағаттанға дейін заңдық үдерістен қайта өте алады.  Заңда мерзімдер де белгіленген. Сайланушылар үгіт-насихаттарын жүргізу мүмкіндігінен айырылып қалмас үшін уақыт аралықтары да белгіленген».

Иран Ислам Республикасның негізін қалаушы хазірет имам Хомейни Иранның саяси құрылымындағы Сақшылар кеңесінің орны туралы айтқан сөзіндеИсламның үкімдері мен Конституцияның сақталауын қадағалайтын Сақшылар кеңесінің міндеті аса маңызды деп бағалаған болатын.

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи де Сақшылар кеңесінің Иранның саяси құрылымындағы рөлі туралы сөзінде: «Сақшылар кеңесі –халық пен діннің тірегі әрі жан тыныштығы мен сенімнің қайнар көзі. Шын мәнінде, ол исламдық жүйенің тынысы саналады. Сақшылар кеңесі мықты әрі табанды болған кезде армандары исламдық мақсаттар мен шариғатты жүзеге асыру болып табылатын әрі жүрегі Ислам үшін соғатын адамдардың көңілдері де тыныш болады» деді.

Сақшылар кеңесінің үш басты міндеті

Сақшылар кеңесі екі құрылымнан тұрады. Бұл орган жалпы алғанда алты жылдық мерзімге сайланатын 12 мүшеден құрылған. Сақшылар кеңесі мүшелерінің жартысы – факиһтер, келесі жартысы – заңгерлер. Сақшылар кеңесінде әділ әрі заман талаптары мен маңызды мәселелерден хабардар алты факиһ болады. Бұл факиһтарды Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи сайлайды. «Исламдық құқықтану», «әділет» пен «әділ әрі заман талаптары мен маңызды мәселелерден хабардар болу» – факиһтарға Сақшылар кеңесіне мүше болуы үшін қойылатын талаптар. Құқықтың түрлі салаларын жетік меңгерген алты заңгер Сот билігінің төрағасы тарапынанИранның Ислам кеңесі мәжілісіне ұсынылған адамдардың арасынан Мәжіліс өкілдерінің дауыс беруі арқылы таңдалғаннан кейін Сақшылар кеңесінің мүшелері болып тағайындалады.

Сақшылар кеңесінің ақпарат хатшысы әрі заңгер доктор Аббас Әли Кадходаи былай дейді: «Дауыстарының сақталуын қажет ететін халық президент әкімшілігі немесе Мәжіліс сияқты жүйенің басты органдарына қызмет етуге келетін адамдардың дұрыс әрі лайықты болуын қалайды. Ол үшін бұл адамдар  дұрыс іріктеліп, халық үшін билік органы тарапынан таныстырылуы керек. Мысалы, осы жерде отырған бір-бірімізді толық танитын сіз екеуіміз  бір-біріміздің ахлақи ерекшеліктерімізді не болмаса мәселелерімізді білетініміз анық. Ал халықсайлауға қатысып отырған үміткерлерді танымайды. Осы аяда  саяси жүйе де механизмдерді жеңілдетуге тырысты.Партиялар өздері лайықты деп санаған адамдарды Мәжіліс өкілдігіне үміткер ретінде халыққа ұсынады».

ИИР-да бұл жұмыс та Сақшылар кеңесіне тапсырылған. Егер Сақшылар кеңесі немесе басқа орган болсын бұл міндетті орындамаса, яғни,  талапқа сай келмейтін адамдарды лайықты адамдардан бөлмесе, ал халық өздерінің пікірлері бойынша дауыс беретін болса, бұл жерде халықтың құқығы әлсіреді деген сөз. Бұл да Революция жетекшісі қуаттаған халықтың құқығының бір қыры болып табылады». 

ИИР-ның Конституциясы Сақшылар кеңесіне бірқатар міндет  жүктеген. Бұл міндеттердің басым бөлігі ортақ түрде факиһтер мен заңгерлердің арасында бөлінген. Қалған бөлігі тек факиһтерге жүктелген міндеттерден тұрады. Сақшылар кеңесіне жүктелген міндеттердің арасынан үш жайтты, яғни, «заң шығаруды бақылау», «Конституцияны сараптау» және «сайлауды бақылау» міндеттері ерекше маңыздылыққа ие. Олардың әрбіреуіне қатысты көп нәрсе айтуға болады.

Осы үш маңызды міндеттің арасында сайлаудың үдерісін бақылау Ирандағы президенттік сайлаудың 12-ші кезеңінің жақындауына байланысты халық пен басшылардың назарын бұрынғыан бетер өзіне аударып отыр. Сақшылар кеңесі Эксперттер мәжілісі сайлауы, президенттік сайлау, Ислам кеңесі мәжілісінің сайлауы мен референдум үдерісін бақылау қызметін атқарады.

Сақшылар кеңесінің сайлау үдерісін бақылауының мақсаты – үміткерлер арасындағы адал емес бәсекелестіктің алдын алу, сайлауды ұйымдастырушылардың қателіктері мен ауытқушылықтарының алдын алу мен халықтың дауысын сақтау. Ауытқушылық, алаяқтық немесе заң атқарушы органның қателігі орын алған жерде Сақшылар кеңесінің тексеру жұмыстарының қажеттігі арта түседі.

Сақшылар кеңесі сайлауды бақылау жұмыстарын бақылаушы топтардың көмегімен жүзеге асырады. Сайлауға қатысты барлық істерге жалпы әрі ауқымды түрде бақылау жүргізудіСақшылар кеңесінің 12 мүшесінің жалғыз өздері жүзеге асыра алмағандықтан, құрал-жабдықтар мен адам күштерін қажет етеді. «Орталық бақылау алқасы», «облыстық бақылау топтары» мен «сайлау учаскелеріндегі бақылау топтары» Сақшылар кеңесінің Ирандағы сайлауларды бақылау үшін пайдаланатын үш маңызды механизмнің қатарын құрайды.

ИИР-ның президенттік сайлауды бақылау заңының 2-бабы және Сақшылар кеңесінің Ислам кеңесі мәжілісі бақылауына қатысты заңның 2-бабын жүзеге асыру аясында президенттік сайлаудың 12-ші кезеңін бақылайтын орталық алқа жеті адамнан құрылды. Сақшылар кеңесінің төрағасы  аятолла Ахмед Джаннати бір мезгілде ИИР-ның президенттік сайлауының 12-ші кезеңін бақылау жұмыстарын басқару міндетін де атқарады. Бақылау тобы мен ұйымдастырушы топтың арасындағы басты айырмашылық заңда көрсетілген. Орталық бақылау алқасы түрлі топтар құру арқылы сайлаудың барлық кезеңдерін бақылап, халықтың дауысы мен исламдық республика жүйесін қорғайды.

Ішкі істер министрлігі басқаратын ұйымдастырушы топ та өз міндетін атқарады. Аманатты орындау қағидасы – сайлауды  өткізу кезіндегі орталық ұйымдастыру алқасының күн тәртібінде тұратын басты мәселе. Иранның президенттік сайлау заңының 2-бабының 31-тарауына сәйкес, Ішкі істер министрлігі президенттік сайлауды ұйымдастырушы ретінде және орталық сайлауды ұйымдастыру алқасының қарамағында әрекет етеді.

Ішкі істер министрі басшы ретінде, Ақпарат министрі, елдің бас прокуроры, жеті діни, саяси және қоғамдық қайраткер сенімді өкілдер ретінде,сондай-ақ, Мәжілістің басқару алқасының бір мүшесі орталық ұйымдастыру алқасының мүшелері болып табылады.

«Абсолютті бақылау» термині

Сақшылар кеңесінің сайлаудағы бақылауы «абсолютті» болып табылады. Бұл – сайлаудың барлық кезеңдерін қамтитын ауқымды әрі толық бақылау. Бұл термин Конституцияны сараптаушы ресми орган тарапынан ұсынылғандықтан, заңды термин саналады. Қазіргі кезде де бақылаудың осы түрі жүзеге асырылады. Абсолютті бақылау  терминінің мағынасы –сәйкестілікті анықтау және мақұлдау. Фикһтік және құқықтық тұрғыдан айтқанда, абсолютті бақылау дегеніміз –бақылаушылардың ұйымдастырушылардың жұмыстарын тексеріп,оны жүзеге асырылудан бұрын мақұлдау. Бақылаудың бұл түрінде әрбір іс-шараның жүзеге асырылуы  бақылаушының мақұлдауына байланысты, яғни, бақылаушының кеңесі мен мақұлдауынсыз жасалған кез келген шара ауытқушылық саналады.

Ислам революциясының жетекшісі ИИР-дағы сайлаудың маңыздылығын қуаттайтын сөзінде: «Сайлау – исламдық әрекеттің нышаны. Сайлау – Исламның біздің халыққа берген сыйы» деді.