Ирандағы президенттік сайлау (17)
Ислам революциясы жеңіске жеткеннен кейін Иранда саяси белсенділік өзінің шынайы мағынасында көрініс тапты. Халық сайлауларға қатысу арқылы өздерінің басты саясаттағы орнына ие болды. Демократияның басты көрсеткіші саналатын сайлау саяси белсенділіктің көрінісі. Бірақ Иранның діни демократиялық жүйесі мен Батыстың либералдық демократиясындағы белсенділіктің арасында көптеген айырмашылық бар.
Ирандағы саяси белсенділік деңгейі
Ислам революциясы жеңіске жетіп, Ислам республикасы жүйесінің құрылуы діни демократияның жаңа тарихындағы өзгерісті кезең болды. Жүйе құрылымының республикалық сипатта болуы, заң шығарушы және атқарушы биліктегі қайраткерлердің сайлануы Ирандағы діни демократия көрсеткіштерінің қатарын құрайды.
Конституцияның 6-бабына сәйкес, ИИР-да мемлекеттік істер халықтың қалауы бойынша, сайлау, соның ішінде, президенттік, Ислам кеңесі мәжілісінің өкілдері, қалалық және ауылдық кеңестердің мүшелерін сайлау немесе Конституцияда көрсетілген жайттарға қатысты референдум өткізу арқылы жүзеге асырылуы тиіс. ИИР жүйесінде шахтық озбыр режиммен салыстырғанда азаматтар, топтар мен партиялардың сайлау арқылы саяси тағдырды анықтау мақсатындағы қоғамдық еркіндіктері мен саяси белсенділігі үшін қолайлы жағдай жасалған.
Ислам дінінен тамырланатын Ирандағы демократиялық үлгі халыққа құрал ретінде қарамайды, керісінше барлық саяси алаңдарда және қоғамдық өмірде адамдардың адамгершілік құндылықтары бағаланады.
Сол себепті Ирандағы діни демократиялық үлгіде халық Ислам республикасы жүйесіне тартымдылық сыйлау үшін саяси алаңда толығымен еркін сайлауға қатысу арқылы істерді жүргізеді.
Жүйенің Ирандағы діни демократия негізінде халық пен партияға көрсететін құрметі – халық пен Ислам республикасын қосатын мәңгілік көпір. Иранда өткен 34 сайлауда әр кезеңде халықтың саяси белсенділігінің орта есеппен алғандағы мөлшері 65 пайыз болды. Бәрінен маңыздысы сайлаулар арасындағы уақытта да халық қол қусырып бос отырмай, Ислам республикасы жүйесінің басшыларымен әрдайым байланыс орнатып отырады.
Басқаша айтқанда, Ирандағы діни демократияның үлгісі Батыстағы либералдық демократияға қарама-қарсы тұр. Бұл демократияның негізінде гуманистік идея жатыр және ол адамға тек материалдық тұрғыдан қарайды. Бұл саяси үлгіде халық ішкі және сыртқы саясатқа араласпайды. Батыстың үкімет қайраткерлері халықтың пікір-назарын маңызды санамайды. Себебі, билік, экономикалық көздер мен мал-мүлік олар үшін аса маңызды емес.
Саяси мәселелердің маманы Әли Реза Давуди былай дейді: «Батыстың саяси жүйесінде екі түрлі батыстық үлгі бар: бірі – еуропалық батыс, екіншісі – америкалық батыс. Егер ақпарат құралдарының жұмыстары мен үгіт-насихатты алып тастасақ, белсенділік деңгейі төмендейді. Себебі не? Себебі, Батыстағы саяси жүйелердің басым бөлігі партияларға сүйенген. Ал партияларда сол қоғамның барлық топтарының өкілдері бола бермейді. Сіз АҚШ, Ұлыбританияға және Францияға қарап көріңіз. Батыстың басты мақсаты – өздерінің саяси жүйелеріне қатысты тартымдылықты арттыру. Олар үшін халықтың сайлауға барынша қатысуы маңызды емес. Бұл – Еуропа мен АҚШ-тың басты кемшіліктерінің бірі. Ал Иранда олай емес. Еуропада халық саяси жүйені өздеріне тиесілі деп санамайды. Олар бұл салаға аяқ баспағанын айтады. Шын мәнінде, егер Батыстың екі факторын, яғни, байлық пен ақпарат құралдарын алып тастасақ, онда Еуропадағы саяси белсенділіктің күрт азайғанын көреміз. Иранда жағдай өзгеше. Иранның бағыт-бағдары Батысқа қарағанда басқаша».
АҚШ-тағы саяси белсенділіктің деңгейі
Либералдық демократия либералдық капитализмді өркениеттің ең дамыған түрі әрі саяси-қоғамдық режим деп санайды. Демократияның бұл түрі «даму» түсінігін материалды ауқаттылық, үстемшілікті кеңейту, адамзаттың табиғатқа үстемдік етуі, бюрократия мен қоғамдық қиындықтарды тарату, капитализм мен гуманистік және материалистік көзқарастың өктемділігін нығайту деп түсіндіреді. Батыс елдері, соның ішінде, АҚШ, Франция мен Ұлыбритания өздерін демократияның бесігі санағанымен, либералдық демократия үлгісінде экономикалық және материалдық көрсеткіштердің басым болуы халықтың көңілінен шықпайды. Биліктің осы түрін нығайту үшін қомақты қаржы жұмсалды.
Мысалы, АҚШ-тағы сайлау кезінде қаражат пен лоббизм маңызды рөл атқарады. АҚШ-та халықтың саяси белсенділігі екі элементке байланысты. Саяси жүйеде қызмет атқаратын тұлға тарапынан ешқандай жасампаздық байқалмайды. Түрлі мағлұматтар бойынша, бүгінгі күні халықтың либералдық демократия жүйесінен көңілі қалғаны айқын көрінеді. Бүгінгі батыстық қоғамдағы таптық қашықтық өрістеп, халық пен саяси жүйенің арасы ашылған. АҚШ-тағы үміткерлер мен екі басты партияның картельдер мен экономикалық ұйымдарға тәуелдігі олардың сайлауда жеңіске жетуіне көмектеседі. Халық шынайы түрде сайлауда ешқандай рөл атқармайды.
АҚШ-тағы сайлаудың бірнеше кезеңіне шолу жасасақ, бұл елдің саяси жүйесінде халықтың төменгі орында тұрғанын көреміз. Екі элемент, байлық пен лоббизм АҚШ-тың сайлауында бар мәселені шешеді. 2016 жылғы сайлаудағы халықтың қатысу мөлшері соңғы 20 жылдағы ең төменгі деңгейде болды. Бұл сайлауда дауыс беруге рұқсаты бар адамдардың көбісі сайлау учаскелеріне келген жоқ. АҚШ-тың жаңа президенті Дональд Трамп сайлаушылардың төрттен бір бөлігінің дауысымен ғана сайланды. АҚШ-тың өткен жылғы сайлауындағы халықтың қатысу деңгейі 55 пайызды құрады.
Халықтың сайлауға қатысу мәселесі батыстық, соның ішінде, америкалық демократияның басты қиындықтарының бірі саналады. Оның бірнеше себебі бар. Соның ішінде батыс елдерінде халықтың саясаттан шеттетілуін, халықтың қазіргі жағдайға қатысты наразылығына байланысты саяси істерге немқұрайды қарауы және саясаткерлер мен партиялардың жұмыстарына разы болмауын атауға болады. Осы жайттардың барлығы либералдық демократия үлгісіндегі адамға материалдық тұрғыдан қарау көзқарасынан бастау алады.
Саяси мәселелердің маманы әрі университет ұстазы доктор Меренди былай дейді: «Еуропалық елдер мен АҚШ-та, Швеция мен скандинавиялық елдерде әйелдер 1971 жылдан бастап дауыс беру құқығына ие болды. Яғни, Ислам революциясы жеңіске жеткеннен 7 жыл бұрын Швецияда әйел адамдардың дауыс беруге құқығы болмаған. Басқа еуропалық елдерде де әйелдердің пікірлері аса маңызды саналмайды. АҚШ-та да солай. Мен үшін ой тудырған мәселе бұл елдерде әр адам үміткер болып, халықтың дауысын жинай алады, алайда Иранда олай емес. Менің айтпағым, өткен 37-38 жыл ішінде Мәжіліс пен исламдық кеңестің сайлаулары өтті. Бұл сайлаулардың кейбіреулерінде Мәжіліске жүйені сынаған тұлғалар өкіл ретінде сайланған. Алайда еуропалық елдерде неліктен мұндай оқиға орын алмайды. Олар өздерін демократиялық жүйе деп атайды. Иранға ұқсас өтетін АҚШ-тың президенттік сайлауында бір адам келіп, жаңа бағыт ұсынып, бұрынғы бағытты толығымен ысырып тастап өзін оппозициялық ағым деп неге атамасқа?! Францияда немесе АҚШ-та неге осындай оқиға орын алмайды? Шын мәнінде, Трамп сияқты тұлға АҚШ-та өзінен кейін барлық батыстықтарды ертіп әкетсе де, АҚШ-тың қазіргі басты саясаттары, соның ішінде, Израильмен одақтасу және Иранмен жауласу саясаттары бұрынғы президенттің бағыт-бағдарына қайшы келмейді. Тек экономикалық саясаттар ғана аздап өзгерген
Ұлыбритания, Франция мен басқа да еуропалық елдердегі саяси белсенділіктің деңгейі
Ұлыбритания мен Францияда халықтың рөлі айтарлықтай ықпалды емес. Негізінде Батыс қоғамында саяси алаңда белсенділік танытуға деген қызығушылық байқалмайды. Бұл мәселе либералдық демократия теориясының толық жетілмегенін көрсетеді. Басқаша айтқанда, еуропалық елдердегі үкімет қайраткерлері саяси стратегияларды жүзеге асыруда халықтың пікіріне жүгінбейді.
Ұлыбританиялық Populus әлеуметтік зерттеулер институтының 2016 жылы жасаған сауалнамасының нәтижелеріне сәйкес, франциялықтардың 51 пайызы, америкалықтардың 41 пайызы, Батыс Еуропа халқының 57 пайызы және Шығыс Еуропа халқының 60 пайызы бұқара халықтың өз елдерінің сыртқы саясатына қатысты шешім қабылдауына қатыса алмайтындықтарына сенімді. Бұл сауалнама Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Франция, Болгария, Венгрия, Чех республикасы мен Нидерландыда жүргізілді. Басқаша айтқанда, гуманистік идеяға негізделген либералдық демократия үлгісінде батыс елдеріндегі халық пен саяси жүйенің арасында байланыс жоқ. Сол себепті Батыс қоғамындағы халықтың басым бөлігі өз елдерінің сыртқы саясаттарына келіспейді және соғысуды қаламайды. Мысалы, Батыстың лаңкестікке қатысты саясаты – екіұшты. Бұл мәселе батыс қоғамында тұрақсыздық тудырып, халықтың саясаткерлерге қатысты сенімсіздігін арттырды.