Маусым 11, 2017 01:22 Asia/Almaty
  • Революция жетекшісінің Иран Ислам республикасы жүйесіндегі орны

Бұл бағдарламада революция жетекшісінің Исламдағы орны және имам Хомейни қайтыс болғаннан кейін аятолла Хаменеидің Иранның Ислам революциясы жетекшісі лауазымына сайлану оқиғасына тоқталамыз.

Революция жетекшісінің Иран Ислам республикасы жүйесіндегі орны ерекше. Діни демократияға негізделген ИИР-да исламшылдық республикалық жүйемен қатар жүреді. Ислам ілімдерін жетік меңгерген әрі саяси мәселелерден хабардар діндар адамдардың арасынан бір тұлға революция жетекшісі лауазымына сайлануы тиіс. Имам Хомейни исламдық басқару және «велаят-е факиһ» саласындағы алдыңғы қатарлы теорияшылардың бірі болған. Имам Хомейниден бұрын дакөрнекті исламтанушы ғалымдар исламдық басқару мен велаят-е факиһ туралы теориялар ұсынған болатын. Алайда исламдық ұлы үлемдердің ешқайсысы имам Хомейни сияқты исламдық басқару теориясын ұсына отырып, бұл теорияны іс-жүзінде қолданысқа енгізе алмады. Шиіттік фикһта Ислам адамды кемелдікке жеткізу мақсатында адамзат өмірінің барлық істері үшін, соның ішінде, билік жүргізу үшін нұсқаулар берілген. Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) тек уағыздау, бірқатар ахлақтық құндылықтар ұсыну және адамзатты ахлақи ауытқушылықтардан алыстату үшін ғана пайғамбар болған жоқ. Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) Алланың соңғы елшісі ретінде адамзатты пұтқа табынушылық пен жәһілдіктен құтқару, бір Құдайға бас июге шақыру, әділет, бейбітшілік пен адамдардың бір-біріне деген құрметіне негізделген қоғам құру үшін пайғамбарлық жолына түскен. Алла елшісі кәпірлер және пұтқа табынушылармен толассыз күресіп, көптеген жақындарынан айырылғаннан кейін Меккеден Мединеге көшті. Пайғамбардың Мединедегі алғашқы қадамы үкімет құру болды. Хазірет Мұхаммад  (с.ғ.с.) Мединеде қайтыс болғанға дейін 10 жыл өмір сүрді. Алла елшісі кемел әрі кез келген кемшіліктен ада адам ретінде билік еткен 10 жыл ішінде мұсылмандардың исламдық тағылымдарды жүзеге асыруы жолындағы үлгі  болды.

Мұхаммад (с.ғ.с) – Алланың елшісі

 

Хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) істері мен сөздері Құран  Кәріммен қатар адамзаттың жер бетіндегі тіршілігінің соңына, яғни, ақыретке дейінгі өміріне арналған Исламның тұрақты фикхіне негіз болды. Дегенмен, пайғамбар пайғамбарлық міндетке сайланғаннан кейін өзінің үмбеті үшін бағдарлама ұсынғандай, өзі бұл дүниеден озғаннан кейін де Исламның мұғжизасы – Құран Кәріммен қатар, өз әулетінің мүшелерінен үлгі алуды да құтқарылудың жалғыз жолы ретінде ұсынды. Адамзаттың қажеттіліктерін қамтамасыз ете алатын кітаптың сарапшысы мен тәпсіршісі болады. «Сақалайн» хадисінің Алла елшісіне (с.ғ.с.) тиесілі екенін барлық мұсылмандар, соның ішінде, шиіттер мен сүнниттер де мойындап, бұл хадисті өздерінің кітаптарына енгізген. Шиіттер осы хадиске негіздеп, имамат пен оның барлық замандарда жалғасатындығына сенеді. «Сақалайн» хадисінің бір бөлігінде былай деп жазылған: «Мен араларыңызға екі нәрсе қалдырамын, егер солардың артынан ерсеңдер ешуақытта адаспайсыңдар: менің кітабым мен әулетім.

Уа, халайық, тыңдаңыздар! Мен сіздерге айтып отырмын. Сіздер маған бір хауыздың қасында келіп қосыласыздар. Сол кезде сіздерден осы екі құнды естелігіме, яғни, кітабым мен әулетіме қатысты іс-әрекеттерің туралы сұраймын». Пайғамбар әулетінің көптеген аяттары мен рауаяаттарына сәйкес, хазірет Әли (ғ.с.) мен Фатима-Захра (ғ.с.) пайғамбардың қызы мен балалары болып табылады. Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) соңғы қажылық сапарында Мединеге қайтып келе жатқан кезде Ғадир Хом деп аталатын аймақта мұсылмандардың үлкен жиынын өткізіп, имам Әлидің (ғ.с.) қолын алып, оны халиф – пайғамбардың ислам үмбетін бағдарлаудағы орынбасары ретінде жария етті. Алайда пайғамбар бұл дүниеден озғаннан кейін оның сол өсиеті жүзеге асырылмағанымен хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) мұсылмандарға құтқарылудың жолын көрсетті. Хазірет Әли (ғ.с.) мен Фатима-Захраның (ғ.с.) 11 перзенті 250 жыл бойы ислам қоғамын жарық шамтәрізді адасудан қорғап, құтқару жолына жетелеп келді. Ислам пайғамбарының 12-ші ұрпағы хазірет Маһди (ғ.с.) Алланың шақыруымен күллі әлемде әділет орнату үшін пайда болғанға дейін көздерден ғайып болды.

 

Ислам революциясының негізін қалаушы имам Хомейни Құран Кәрім мен пайғамбар әулетінің рауаяттарына негіздеп, «велаят-е факиһ» теориясында мына концепцияны ұсынды: хазірет Маһди ғайыпта жүргенде ислам үмбеті құтқарылмайды. Ислам үлемдері мен ғұламалары имам Маһди ғайыпта болғанда исламдық қоғамды бағдарлауда маңызды рөл атқарады. Хазірет Әлидің рауаяаттарының бірінде былай деп айтылған: «Алла Тағала үлемдерге әлсіздерге көрсетілген зорлық-зомбылықалдында немқұрайдылық тантыпауды тапсырды». Имам Хомейни осы сөздерді тірек етіп, 2500 жыл бойы билік еткен шахтық жүйеге қарсы шығып, Ислам революцисы жеңіске жеткеннен кейін жаңа бой көтерген Ислам республикасы жүйесінде діни демократияға негіздеп, жүйе дұшандарының барлық қастандықтары мен кедергі тудыру әрекеттеріне қарамастан, жетекшілік етті. Имам Хомейнидің Ислам республикасы тарихының бірінші он жылындағы рөлі теңіздегі дауыл кезінде кемені басқаратын тұтқа тәрізді аса маңызды болды. Саяси дағдарыстар, сепаратистік ағымдар, экономикалық санкция мен әскери басқыншылық жаңа бой көтерген революцияны тоқтату үшін жеткілікті еді. Алайда имам Хомейни мінсіз жетекшілік және халықтың теңдессіз қолдауының көмегімен жаңа бой көтерген Ислам республикасы жүйесін тыныш жағалаудағы тұрақтылыққа жеткізді. Имам Хомейнидің ИИР-н басқару және бағдарлаудағы дәл осы теңдессіз рөлі Ислам революциясы дұшпандарының имам қайтыс болғаннан кейін аталмыш революция да аяқталады деп ойлауына себеп болды. Ислам революциясына адал халықтың арасында имам Хомейни қайтыс болғаннан кейінгі революцияның тағдырына қатысты алаңдаушылық туындады.

Имам Хомейни

Конституциядағы имам Хомейнидің жетекшілігімен құрастырылған заңдық тәртіптердің арқасында Иран Ислам революциясының ұлы жетекші қайтыс болғаннан кейінгі сезімтал әрі қауіпті кезеңнен өте алды. Ислам респбуликасының Конституциясында тіпті жоғарғы факиһ пен қоғам жетекшісі де сайлау арқылы таңдалады. Эксперттер мәжілісінің мүшелері халық тарапынан исламдық ғылымдардың үлемдері арасынан таңдалатын орган  саналады.  Жетекшінің жұмысы мен оның сайлануын бақылайтын орган Эксперттер мәжілісінің арқасында елешуақытта жетекшісіз қалмайды. Эксперттер мәжілісі 1989 жылы имам Хомейни дүниеден озғаннан кейін 24 сағаттан аз уақыт ішінде маңызды шешім қабылдап, сол кездегі президент хазірет аятолла Хаменеиді имам Хомейнидің орнына сайлады. Аятолла Хаменеиді Ислам революциясының жетекшісі ретінде сайлау әрекеті мынадай шындықты көрсетті: имам Хомейни Ислам революциясының жеңісінде теңдессіз рөл атқарғанымен, өзі жетекшілік еткен он жыл ішінде Ислам республикасы жүйесінде мықты құрылым орната білгендіктен, бұл жүйені белгілі бір тұлғаға тәуелсіз әрі өзінің негізін қалаушыдан айырылса да, өмірін жалғастыра бере алатындай етіп құрған. Хазірет аятолла Хаменеидің таңдалуы имам Хомейни қайтыс болғаннан кейінгі Ислам революциясының болашағы жайлы достардың  алаңдаушылықтары мен дұшпандардың жоспарларының аяқталуына соңғы нүкте қойды.

Аятолла Хаменеи

Имам Хомейни көз жұмғаннан кейін де Ислам революциясына қарсы дұшпандық әрекеттер жалғасқанымен, аятолла Хаменеи аса көрегенділікпен революцияны өз орнын табу кезеңінен діни демократиялық жүйе қалыбында даму және кеңею кезеңіне дейін жетеледі. Сонымен қатар, хазірет аятолла Хаменеидің 28 жылдық жетекшілігі барысында барлық жергілікті, парламенттік және президенттік сайлаулар сау бәсекелестік қағидаларына сай өткізілді. Халықтың түрлі топтарының ауқымды түрде қатысуы дұшпандардың қастандықтары мен қитұрқы әрекеттерімен күрестегі Ислам революциясының маңызды тіректерінің біріне айналды. Жуырдағы президенттік және Қала мен ауыл кеңестерінің сайлауында халықтың белсенділігі 73 пайызды құрады. Осылайша толық қауіпсіздікте және саяси ағымдардың  шынайы түрде бәсекелесуімен өтетін осындай сайлауды көрмеген елдерді қамтыған Таяу Шығыс аймағында хазірет аятолла Хаменеи өзінің үлгі тұтарлық көрегендігімен елдің қауіпсіздігі мен саяси тұрақтылығын қамтамасыз етуде, елдің саяси ағымдарын діни демократияны дамытуға жұмылдыруда, Ислам революциясының жоғарғы құндылықтарын қорғауда аса маңызды рөл атқарып келеді.

 

   

 

 

 

 

Тегтер