Ирандағы президенттік сайлау (19)
(last modified Sat, 10 Jun 2017 19:27:34 GMT )
Маусым 11, 2017 01:27 Asia/Almaty
  • Ирандағы президенттік сайлау (19)

Сайлау – демократияны жүзеге асырудың ең басты компоненті әрі елдердің саяси жүйелеріндегі халықтың жасампаздығының мөлшерін мен орнын бағалайтын құрал.

 

Сайлау –халықтың  саяси органдар құру және саяси билік жүргізетін тұлғаларын анықтауға қатысты қалауын көрсететін құрал. Осы жолмен халық елді басқару алаңындағы шешім қабылдау, атқару және бақылау жұмыстарына атсалыса алады.

Саяси мәселелердің маманы Қасем Джафари былай дейді: «Адамзат тарихын өзгерткен ұлы әрі ықпалды революцияның жемісі болып табылатын Ислам республикасы мен оның жүйесі Иран халқын маңызды жетістіктерге жеткізді. Солардың қатарынан мына мәселені атап өтуге болады: халық  өз тағдырларының өз қолында және олардың әрбіреуінің дауысының маңызды екендігіне сенімді».

Иран мен басқа елдердегі сайлаулардың саны мен сапасы тұрғысынан айырмашылығы

Сайлаудың түрлі елдер мен жүйелеріндегі рөліне байланысты олардың сапасы мен саны да әртүрлі болып келеді. Түрлі елдердің сайлау ұйымдастыру механизмдері де әртүрлі болады. Бұл механизмдер сол елдің Конституциясы мен көптеген жылдар бойғы демократиялық тәжірибесінен туындайды. ИИР-дағы сайлау үдерісі басқа сайлау жүйелеріне, соның ішінде, АҚШ пен Францияның жүйелеріне қарағанда толығырақ. Бәрінен маңыздысы Иранның сайлау жүйесінде халықтың рөлі аса маңызды.

Ирандағы сайлауды бақылау үдерісі, сайлаушылар мен үміткерлердің жұмыстарының сапасы басқа сайлау жүйелерімен салыстырғанда әлдеқайда жоғары, сондай-ақ, оғанлоббилік және материалдық көзқарастар ықпал етпейді. Осындай жағдайда кейбір елдердің сайлау жүйелерін Иранмен салыстыру барысындаСақшылар кеңесінің маңызды рөлініңсапаны жақсартуға көмектесетінін көреміз. Ирандағы түрлі сайлаулар үшін қарастырылған механизмдердің көмегімен ұйымдастырушы топтар (Ішкі істер министрлігі) мен бақылаушы топтар (Сақшылар кеңесі) сайлаудың дұрыс әрі ашық өтуін қамтамасыз етеді.

Саяси мәселелердің маманы Альборзидың сөзіне назар аударайық: «Біз Батыс демократиясы мен діни демократияның арасында қандай айырмашылық бар екенін түсінуіміз керек. Батыстағы демократияның пәлсапасы – халықтың халыққа билік етуінде. Бірақ бұл демократия  либерализм, гуманизм мен секуляризм мектептерінен қоректенеді. Егер айырмашылықты көргіміз келсе, өзіміздің Конституциямызға назар аударуымыз керек. Онда абсолютті биліктің тек Жаратушыға тиесілі екені айтылған. Жаратушы өз тағдырын өзіанықтауы үшінбилікті адамның өз еркіне берген. Яғни, діни демократия Жаратушының қалауынан бастау алады. Бірақ батыс демократиясы аталмыш үш мектептен тамырланады. Егер ашып айтар болсақ, діни демократияға негізделген біздің сайлаудың барлық кезеңдерінен сіздер Жаратушының қалауын көресіздер, яғни, үміткерлерді таңдау кезеңінде олардың елдің ресми дініне және Ислам республикасының жүйесіне адал болуы шарт болып табылады. Немесе басқа бөлімдерден де сіздер Жаратушының қалауын көресіздер. Мысалы, үгіт-насихат жұмыстары кезінде үміткерлер исламдық ахлақты сақтауы керек. Олардың кез келген тактикамен жеңіске жетуіне жол жоқ. Батыс демократиясындағы сайлаудың барлық кезеңдерінен либерализм байқалады. Капитализм бар мәселені шешеді. Үгіт-насихат жұмыстары кезінде жұмсалатын қаржы да аз емес. АҚШ-тың жақындағы президенттік сайлауында Трамп соншама ақша жұмсап, президент болды. Ол жерде азаттық либерализмге негізделген. Гуманизмге тоқталайық. Гуманизм мектебіндесайланғысы келетін әрбір үміткер макиавеллизм жүйесін пайдалана алады.Секуляризм мектебінде де дін саясаттан бөлек. Олардың пікірінше, сайлауда дінге орын жоқ. Екі демократияның айырмашылығы осындай. Діни демократия Жаратушының қалауына негізделген. Жаратушы адамдардың өз тағдырын өздері шешуін қалады. Өз тағдырын шешу құралы – осы сайлау. Біз діни демократияны әлемге үлгі ретінде ұсыну арқылы осы демократия шеңберінде исламдық және діни құндылықтардың билік етуін қаладық. Халық дауыс беріп, басшыны сайлағаннан кейін бұл басшы діни үкімдер шеңберінде, шариғат, исламдық заңдар мен ережелер шеңберінде әрекет етуі керек. Әлемдегі екі демократияның айырмашылығы осында».

Иранның президенттік сайлау заңының 1-бабының 8-тарауына сәйкес, президенттік сайлауды бақылау міндеті Сақшылар кеңесіне жүктелген. Бақылау барлық кезеңдер мен сайлауға қатысты барлық іс-шараларды қамтиды. Тіпті, Ирандағы сайлаушылар мен үміткерлер үшін қойылатын талаптар АҚШ пен Франциядағы сайлау талаптарына қарағанда толығырақ. Бұл екі елде партиялар мен штаттардың дауыстары шешуші рөл атқарады. Бірақ Иранда Конституцияда келтірілген талаптарға сай кез келген саяси қайраткер үміткер бола алады. Иранда басшы халықтың көпшілік дауысы арқылы сайланады. Бірақ АҚШ пен Францияда бұл мәселе партиялар мен жоғары деңгейлі қайраткерлер тарапынан шешіледі. Аталмыш екі елдің сайлау жүйелеріне толығырақ тоқталайық.

 

ҚШ-тың сайлау жүйесінде сайлау күні дауыс бергісі келетін әр адам алдымен тіркелуі тиіс. Азаматтар дауыс беруге мәжбүрлі түрде тіркелмейді. Бірақ бұл үдерістен өтпесе америкалық азамат сайлау күні дауыс бере алмайды. Үміткерлер мен партиялардың дауыс жинау және оның саналуының дұрыстығына сенімді болуы үшін сайлаушылар алдын ала тіркелуі тиіс. Бұл үдеріс Иранның сайлау жүйесінде өзгеше. Халық сайлау күні алдын ала дайындалған мүмкіндіктерді пайдаланып және Сақшылар кеңесі тарапынан жүргізілетін бақылаумен сайлауға қатыса алады.

АҚШ-та үміткерлерді тіркеу үдерісін бақылау партиялардың мойнында. Шын мәнісінде, үміткерлерді партиялар ұсынады. Федералдық немесе штаттық деңгейдегі ең жоғарғы дәрежелі партиялық ұйымдар үміткерлерді тіркеу жұмыстарын бақылайды. Әлемнің көптеген елдерінде сайлаудағы үміткерлердітіркеу жұмыстарын бақылау міндетін Ішкі істер министрлігі атқарады. Бұған керісінше, АҚШ-та бұл міндет партияларға жүктелген. Иранда бұл міндет Ішкі істер министрлігі мен Сақшылар кеңесінің мойнында. Басқаша айтқанда, сайлауды ұйымдастырушылар үміткерлерді тіркегеннен кейін Сақшылар кеңесінің заңгер және факиһ мүшелері олардың талаптарға сай болуын тексереді.

Саяси мәселелердің маманы Киумарс Язданпанаһтың сөзіне назар аударайық: «Батыста таралған демократияға керісінше, ИИР осы мерзім ішінде сол жүйеден алшақтаумен қатар, демократияның жаңа құнды үлгісін ұсынды».

АҚШ – әлемдегі күрделі сайлау заңдарына ие елдердің бірі. Бұл елді орталық сайлау заңынан кенде деп те айтуға болады. Сайлауалды бәсекелестіктерді қаржыландыру жайттарынан басқа сайлауға қатысты барлық іс-шаралар штаттардың заңдарына сәйкес жүргізіледі. Сонымен қатар, АҚШ президенттік сайлауда «Сайлаушылар алқасы» деген жүйені пайдаланады. Бұл жүйеде әр штат Конгрестің екі палатасындағы өкілдер санына байланысты сайлаушыларын жібереді. Президенттікке үміткер жеңіске жетуі үшін сайлаушылар алқасында 270 дауыс алса жеткілікті. АҚШ-тың сайлау жүйесінде сайлау кезінде халықтан жиналатын дауыс маңызды емес. Бірақ Иранның сайлау жүйесінде дауыс беру жәшіктерінен алынатын бюллетендер бойынша ең көп дауыс жинаған үміткер президент болады.

 

Франциядағы сайлау жүйесі

Францияның сайлау жүйесінде президенттікке үміткерлер мен сайлаушылар үшін қойылатын талаптар аталмыш ел Конституциясының 3-бабында көрсетілген. Толық 18 жасқа толған әрі саяси және азаматтық құқықтары бар франциялық азамат президенттік сайлауға қатысу құқығына ие болады. Францияның сайлау туралы заңының 5-бабында  дауыс беруге рұқсат берілмейтін жайттар да жазылған. Біреудің қарамағындағы кәмелетке жеткен адамдар дауыс беру үшін тіркеле алмайды. Осы бапқа сәйкес, кейбір заң бұзушылықтар мен қылмыс жасағаннан кейін дауыс беру құқығынан айырылған адамдар дауыс беру үшін тіркеле алмайды. Бұл үдеріс Франциядағы сайлау жүйесінің көбінесе санға емес, сапағаа мән беретінін көрсетеді. Иранда да ақыл-есі кем адамдардан басқа барлық кәмелетке жеткен адамдар сайлауға қатысуға құқылы. Тіпті жазасын өтеп жатқан қылмыскерлер де дауыс беру құқығынан айырылмайды.

Саяси мәселелердің маманы Әли Реза Давудидің сөзіне назар аударайық: «АҚШ сияқты  басқа елдердің сайлау жүйелеріүш алаңдағы мәселелер бойынша ерекшеленеді.Біріншісі –ИИР-нан басқа жүйелерде адамдарға сайлау құқығы толық берілмейді. АҚШ сияқты елдерде жалпы екі адам ғана үміткер болады. Кейбіреулері мұны жақсы деп санайды. Алайда бұл екі адам қоғамның барлық топтары мен таптарының атынан өкіл бола ала ма? Бұл жерде олардың демократиясы қайшылыққа тап болады. Бірақ Иранда жуырдағы сайлауда талаптарға сай келген үміткерлердің түрлі топтардың өкілі екенін көреміз».

Франциядағы сайлау жүйесіндегі үміткерлерге келер болсақ, кемінде 23 жаста әрі франциялық азамат болуы шарт. Францияның сайлау жүйесінде үміткердің  азаматтағының негізгі немесе екінші азаматтық болуы маңызды емес.

Бұрын  өздері парламенттік, әкімшілік, аймақтық және экономикалық қоғамдық кеңестің сайлауларында заңдық тәртіп бойынша сайланған 500 франциялық азамат ұсыныс хат беріп, үміткерді ұсыну кезінде өкілдік етуі керек. Бұл 500 адам кемінде түрлі 30 сайлау округінен болуы тиіс. Бұл үлгі Францияның сайлау жүйесіндегі партияшылдық пен саяси тәуелдікті көрсетеді.