Ирандағы президенттік сайлау (20)
Иранның президенттік сайлауы қарсаңында батыстық ақпараттық кеңістік тағы да жүздеген тәсілмен Иран Ислам Республикасын сынға алып, Иранның сайлауы осы ақпарат құралдарының өзекті тақырыптарының біріне айналды.
Осы аяда Батыстың ақпарат арналары Ирандағы сайлау үдерісінің әр сәтін сараптап, жариялап отырды. Батыстың ақпарат құралдары үміткерлердің пікірталастары мен сайлауалды үгіт-насихаттық жұмыстарын Иранның сайлау кеңістігін зерттеу сылтауымен мұқият тексерді.
Бірақ батыстың БАҚ қандай мақсаттарды көздейді? Бүгінгі бағдарламамызда осы тақырыпқа тоқталамыз.
Батыстың ақпарат құралдарының Ирандағы сайлау кезінде халықты адастыруға бағытталған ағымдары ықпалды ақпараттық тәсілдер мен сайлау мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жұмсақ соғыс алаңына аяқ басады. Тіпті, көрермендер мен оқырмандар ақпарат құралдары көтерген мәселелер мен одан шығарған нәтижелерін толығымен шындыққа сай деп ойлайды. Бұл тәсілде барлық назар астыртын түрдепікірталастың немесе үміткерлердің сөздерінің бір бөлігі ретінде көрсетілген мәселеге аударылады. Алайда бұл мәселе тыңдарманның немесе оқырманның санасында жағымсыз әсер қалдыратындай етіп талқыланады. Батыстың ақпарат құралдары белгілі бір түйінді сөздерді келтіре отырып, оқырманның немесе тыңдарманның назарын бір мәселеге аударып,соның астарында шындықты бұрмалауға бар күшін салады.
Саяси мәселелердің маманы Киумарс Язданпанаһтың сөзіне назар аударайық: «Әдетте түрлі әдіс-тәсілдерді, әсіресе, біздің заманымызда бірнеше тармақты билікке ие ақпарат құралдарын пайдалану арқылы сайлауға ықпал етуге немесе Ирандағы сайлауды жалған әрі алдын ала жобаланған сияқты етіп көрсетуге тырысады. Тәжірибе көрсеткендей, әр сайлаудағы олардың айла-шарғылары өткен сайлаулармен салыстырғанда өзгеше болып келеді. Ең қызығы, Иранның сайлауы туралы жалған өсек тарату үшін бар қаржысын жұмсағанымен, олар ешуақытта бұл уақыт аралығында Иран еліндегі дамуға бет алған демократияға нұқсан келтіре алмады».
ын мәнінде, Батыстың пікірінше түрлі елдердің сайлау кезіндегі саяси кеңістігі сол қоғамның сайлау негіздеріне қатысты күмән тудыру және оны азаматтық бағынбаушылыққа айналдыру үшін жақсы мүмкіндік болып табылады. Басқаша айтқанда, Батыстың ақпарат құралдарының басты мақсаты мен өзекті мәселесі – Иранның сайлау кеңістігіне жанама түрде әсер ету.
Осындай жағдайда батыстың ақпарат құралдары Иранның сайлауы туралы жағымсыз хабарлар таратып, қоғамдық пікірге ықпал ету және сайлау кеңістігін тұрақсыз етіп көрсету арқылы халықты сайлауға барынша қатысудан алшақтату үшін көп рет талпыныс жасады.
Халықтың жүйе басшыларына қатысты сенімсіздігі туралы пікір, халық дауысының сайлаудың нәтижесіне ықпал етпеуі сияқты мәселелерге назар аудару, басып-жаншу, тұншықтыру және азаматтық құқықты бұзу әрекеттеріне толы кеңістікті суреттеу – осылардың барлығы қоғамда Сақшылар кеңесі сияқты, ресми әрі заңдық ұйымдарға қатысты сенімсіздік тудыру үшін пайдаланылатын құралдар.
Сайлау кезінде фракциялар мен топтарға ерекше назар аудару, бір жағынан экономикалық мәселелерді насихаттық мақсатта пайдалану, басқа жақтан, жүйені экономика мен сыртқы саясатты басқаруда біліксіз етіп көрсету – сайлаудың осы кезеңінде ақпарат құралдары мен хабар арналарының назарына көбірек іліккен мәселелер. Батыстың ақпарат құралдарының осындай хабарларды таратудағы мақсаты Ирандағы сайлау кеңістігін бұлыңғыр етіп көрсету болып табылады.
Сайлаудың бұрынғы кезеңдеріндегі шетелдік ақпарат құралдарының іс-әрекеттеріне шолу бұл құралдардың насихаттық және ақпараттық технологиялармен әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, алдын ала жасалған жоспарды іске асыратынын көрсетеді. Бұл жоспар үш кезеңнен тұрады: бірінші кезең үміткерлерді тіркеу жұмыстарын сараптау және сынау, сондай-ақ, талапқа сай келмейтін кейбір тұлғалардың осы алаңдағы құзырын әсірелеу әрекеттерінен құралады. Бұл кезеңнің жалғасында ақпарат құралдарының насихат жұмыстарының басым бөлігі белгілі бір үміткерлердің талапқа сай болуы мәселесіне бағытталады. Олар тек Иранда ғана Сақшылар кеңесі сияқты ұйым үміткерлерді тексеріп, басқа елдердің сайлауларында осындай маңызды лауазымға үміткер адамдарды тексеру немесе тіркеу жұмыстарына ешқандай бақылау жүргізілмейтіндей етіп көрсетуге тырысады. Алайда мұндай іс-шара барлық елдердің сайлау жүйелерінде болады. Шын мәнісінде, бұл ақпарат құралдарының осы кезеңдегі басты мақсаты – сайлаудың ауқымдылығына күмән тудыру.
Саяси мәселелердің маманы Әли Реза Давудидің сөзіне назар аударайық: «Екі түрлі айла-шарғы бар: біріншісі – дәстүрлі айла-шарғылар; екіншісі – жаңа шаралар. Ақпарат құралдарының Ирандағы сайлауға қарсы қолданатын дәстүрлі айла-шарғылары санкция мен сайлауға қатыспауға үгіттеу болып табылады. Бұл дәстүрлі айла-шарғыларды өткен 38 жылда сайлаудың 34 кезеңінде біз айқын түрде бақылап келдік. Ал жаңа айла-шарғылар көбірек маңыздылыққа ие. Олар бұл жерде сайлауға қатыспауға үгіттемейді. Олар өздеріне жақын тартқан үміткерлер немесе ағымдардың біреуін жарнамалайды. Бұл жерде әдетте бірлікке алып келетін екі полярлық пайда болады. Екі полярлық дегеніміз – қоғамда екіұштылық тудыратын сөздердің айтылуы. Олар «мына үміткерге дауыс бермесеңдер соғыс басталады» немесе «егер мына үміткерге дауыс бермесеңдер санкциялар күшейтіледі» дейді. «Сайлауға қатыспаңдар» деп айтпайды. Жаңа айла-шарғыларда бөгде ақпарат құралдарысайлауды белгілі бір бағытқа бұруға тырысады. Ол дегеніміз – осы ақпарат құралдарының халықтың санасын өздеріне қажетті арнаға бұру үшін олардың түсінігі мен таңдауының шекараларын бақылауға алуы. Осылайша біз бөгде ақпарат құралдарының әдетте халықтың сайланушыға қатысты критерийлері мен сипаттарына жұмсақ түрде араласып, ықпал ету үшін пайдаланатын жаңа айла-шарғыларын көріп отырмыз. Бұл мәселені халықтың қырағылығы мен үміткерлердің ықтияттылығының көмегімен шешуге болады».
Осы кезеңдегі кеңістік тудыру әрекеттерінен кейін батыстың ақпарат құралдарының келесі айласы үміткерлердің үгіт-насихат жұмыстары барысында жүзеге асырылады. Алайда үміткерлердің сайлау кезіндегі, әсіресе, осы сайлау кезіндегі үгіт-насихат жұмыстарында тек ұлттық ақпарат құралдары пайдаланылып, сондай-ақ, радио және телевизиялық бағдарламаларда үміткерлер үшін берілген уақыт бірдей мөлшерде бөлініп, үміткерлердің пікірлері халықтың қалауына сай әрі айқын түрде айтылады. Бұл шындықтар батыстың ақпарат құралдары тарапынан ешуақытта айтылмайды. Аталмыш БАҚ сайлаудың осы кезеңін сараптау және қадағалау кезінде үміткерлерді мақсатты түрде екі топқа бөліп, радикалды үміткерлерді дағдарыс пен соғыс тудырушы және демократияға қарсы етіп, ұстамды үміткерлерді елдің тыныштығы мен дамуын көздейтіндей етіп ұсынуға тырысады. Бұл БАҚ-ның пікірінше, Ирандағы сайлау мүмкіндік, яғни, бейбітшіл немесе соғысқұмар басшының біреуін таңдау үшін берілетін мүмкіндік болып табылады.
Сайлау кезіндегі ең маңызды әрі сезімтал саналатын үшінші кезеңде батыстың ақпарат құралдары дауыс берушілер арасында сайлауға қатысуға қатысты немқұрайдылық сезімін тудыруға тырысады. Олардың мақсаты – сайлау кезіндегі халықтың белсенділігін азайту. Шын мәнісінде, ақпарат құралдары халықтың сайлауға қатысу белсенділігі төмендеуінің жүйенің саяси беделіне нұқсан келтіретінін жақсы біледі. Алайда батыс ақпарат құралдарының насихаттау және кеңістік тудыру әрекеттерін бейтараптандырып жүрген нәрсехалықтың ИИР-ның сайлауына ықыласпен қатысуы болып табылады. Президенттік сайлаудың 34 кезеңінің статистикасына шолу нәтижесінде дауыс беруге рұқсаты бар халықтың кем дегенде 66 пайызы мен ең көп дегенде 85 пайызының Иранның президенттік сайлауға қатысқанын көреміз.
Иран Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи ұстаз күніне орай мұғалімдердің бір тобын қабылдауында жасаған баяндамасында сайлауды ИИР-дағы ең сезімтал әрі діни демократиядан туындаған мәселе деп атап: «2017 жылдың мамыр айының он тоғызы күнгі сайлауға түрлі саяси бағытты қолдайтын адамдардың барлығының қатысуы Иранның күш-құдіреті мен беделі жәнеберіктігінің қорғалатындығына кепіл болады. Халық сайлауға барынша қатысса, дұшпан ешуақытта Иранға қарсы әрекет ете алмайтын болады» деп қуаттады.
Халықтың сайлауға хабардар түрде қатысуы шын мәнісінде ИИР-ның қоқан-лоққылар алдындағы күш-құдіретінің ең басты көрсеткіші саналады. Иран халқы барынша қатысу арқылы әрдайым әлемдіктерге осы күш-құдіретті паш етіп келеді. Халықтың сайлау учаскелеріне ауқымды түрде келуі жүйе негіздерінің нығаюына себеп болып, шетелдік ақпарат құралдарын мақсаттарына жету жолында үмітсіздендіреді.
Саяси мәселелердің маманы Мұхаммад Реза Мерендидің сөзіне назар аударайық: «Қараңыздар. Біздің елде дұшпандарымыздың ішкі, сыртқы қарамағында парсы тілінде таратылатын 300-ден астам жерсеріктік арнасы бар. Басқа елдерде бұл арналар таратыла ма, жоқ па білмеймін. Бұлар ИИР жүйесінің ресми саясаттарына қайшы келетін мәдени, саяси және сайлау алаңындағы мақсаттарын іске асыруды көздеп келеді. Бұл саяси жүйе осы тұрғыдан жан-жақты қысым көріп отыр. Егер виртуалды кеңістікті қарасаңыздар,Telegram желісінің кейбір арналары, кейбір хабар арналары белгілі бір масқаттарды көздеген ақпараттар таратады. Олар Ислам революциясы мен исламдық жүйеге адал ағымдардың билікке келуіне кедергі болып, өздерімен бағыттас ағымдардың билеп-төстеуіне жағдай жасауға тырысады. Жуырда АҚШ Конгресі Иранға қарсы жаңа санкция салуды сайлау өткеннен кейінгі уақыта шегерді. Өздері айтқандай, Ирандағы сайлау кеңістігіне ықпал етіп, бұл елде батыстың сыншыл топтарының билікке келуінқаламайтын көрінеді. Олардың басты мақсаты – осы. Біз бұл жерде тек сайлау мен ішкі бәсекелестіктерді талдап отырған жоқпыз. Шет жақта бізге қарсы бір ауқымды кеңістік қалыптасып, ол Ирандағы сайлау жұмыстарына кедергі келтіруде. Ирандық сайлаушылар үшін шешім қабылдауда қиыншылық тудырып отыр. Қай ел осыншама жүкті көтеріп отыр?! Біз өзіміз өз тағдырымыз үшін шешім қабылдай алған кезде ғана елімізді дамыта аламыз. Тіпті, егер шешіміз қате болса да, басқалардың таңған дұрыс шешімдерінен жақсырақ болмақ».